Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысы 2001 жылғы 12 шілде N 944

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 P000151_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары комитетi туралы ережеде:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен ашылған шоттар арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.";
      18-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады;";
      5) тармақша "құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi" деген 
сөздерден кейiн "және аумақтық органдар туралы үлгілiк ережелердi" деген 
сөздермен толықтырылсын. 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж.