1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің жедел басқару құқығында "Алмас" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып мыналар белгіленсін:
1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында қызметтер көрсету;
2) ақпаратты қорғау саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі бір айлық мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорын жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 521-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі 521. "Алмас" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (жедел басқару құқығында) Астана қаласы". 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Жұманазарова А.Б.