Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар
Жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің жедел басқару құқығында "Алмас" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. <*>
Ескерту. Тақырыбы және 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1036
қаулысымен
.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1036 қаулысымен.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып мыналар белгіленсін:
1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында қызметтер көрсету;
2) ақпаратты қорғау саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
4. <*>
Ескерту. 4-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1036 қаулысымен.
5. <*>
Ескерту. 5-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1036
қаулысымен
.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі