Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 846

Қолданыстағы
      Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін заңсыз өндіруді және олардың айналымын болдырмау, акцизделетін тауарларды акциздік алым таңбаларымен таңбалау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 1 шілдеден бастап 1 және 2-қосымшаларға сәйкес акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі акциздік алым таңбаларымен міндетті түрде таңбалау енгізілсін.
      2. Темекі бұйымдарын 1997 жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларымен таңбалау сақталсын.
      3. Отандық және импорттық өндірілген акцизделетін тауарларды (1 және 2-қосымшаларға сәйкес) 2001 жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларымен ғана сатуды:
      1) акцизделетін тауарларды өндірушілер мен импорттаушылар - 2001 жылғы 1 шілдеден бастап;
      2) акцизделетін тауарларды сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар - 2001 жылғы 1 қазаннан бастап жүзеге асырады деп белгіленсін.
      4. Акцизделетін тауарларды (1 және 2-қосымшаларға сәйкес) жаңа үлгідегі акциздік алым таңбаларымен таңбалауды отандық тауар өндірушілер мен акцизделетін өнімді импорттаушылар жүзеге асырады деп белгіленсін.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасымен 1 және 2-қосымшаларға сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалау үшін жаңа үлгідегі акциздік алым таңбаларын дайындауға арналған, сондай-ақ 3-қосымшаға сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалау үшін акциздік алым таңбаларын дайындауға арналған шарт жасассын;
      импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша келісім-шарттардың есебін міндетті түрде жүргізе отырып, өндірушілер мен импорттаушылардан 2001 жылға акциздік алым таңбаларын сатып алуға өтінімдер жинауды қамтамасыз етсін;
      акцизделетін тауарлардың акциздік алым таңбаларын сақтау және тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің қаржыландыру сметасында көзделген қаражат есебінен жүргізсін.
      6. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен есептесу кезінде қолданатын жаңа үлгідегі акциздік алым таңбаларына бағаларды бекітуді және бағаларды қолданудың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етсін.
      7. Жаңа үлгідегі акциздік алым таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар 2000 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тізбе бойынша акцизделетін тауарларды түгендеуді жүргізсін.
      8. Түгендеу жүргізілген күнгі акцизделетін тауарлар (темекі бұйымдарын қоспағанда) таңбаланған 1999 жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларының құны (олар бойынша төленген қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда), сондай-ақ түгендеу жүргізілген күнгі қалдықта болған 1999 жылғы үлгідегі пайдаланылмаған акциздік алым таңбаларының құны отандық тауар өндірушілер мен импорттаушылардың өндірісі мен айналымының шығындарына жатқызылуға тиіс.
      9. Акциздік таңбаларды дайындаудың құны өндіріс пен айналымның

шығындарына жатқызылуға тиіс.
     10. Акциздік алым таңбаларымен міндетті түрде таңбалануға тиісті 
акцизделетін тауарларды әкелу және сату ережелерін бұзу Қазақстан 
Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген жауапкершілікті жүктейді.
     11. "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым 
таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 
19 сәуірдегі N 431  

P990431_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 
1999 ж., N 13, 130-құжат) күші жойылды деп танылсын.
     12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялануға тиіс.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                           2001 жылғы 21 маусымдағы
                                             N 846 қаулысына
                                               1-қосымша
     
             Жаңа үлгідегі акциздік алым таңбаларымен
       таңбалануға тиісті отандық акцизделетін тауарлардың
                            Тізбесі
     
     1. Арақ
     2. Ликер-арақ бұйымдары
     3. Күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар мен бальзамдар
     4. Шараптар
     5. Коньяктар
     6. Шампан шараптары
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                             2001 жылғы 21 маусымдағы
                                                N 846 қаулысына
                                                  2-қосымша
     
      Жаңа үлгідегі акциздік алым таңбаларымен таңбалануға тиісті
                импортталатын акцизделетін тауарлардың
                               Тізбесі
     _________________________________________________________________
       Сыртқы экономикалық            !     Тауардың атауы
         қызметтің тауар              !
      номенклатурасының коды
     _________________________________________________________________
     2204 (220430-дан басқа), 2205,      Шараптар, шампан шараптары
     220600*-ден                         
     _________________________________________________________________
     2208*-ден                          Арақ, ликер-арақ бұйымдары,
                                        күшейтілген сусындар, күшей.
                                        тілген шырындар, бальзамдар,
                                        коньяктар
     _________________________________________________________________
     
     Ескерту. *Тауарлардың номенклатурасы кодпен де, тауарлардың атауымен 
де айқындалады.
     
      
                                             Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                             2001 жылғы 21 маусымдағы
                                                N 846 қаулысына
                                                  3-қосымша
     
              Акциздік алым таңбаларымен таңбалануға тиісті
             отандық және импортталатын темекі бұйымдарының
                              Тізбесі
     
     1. Отандық темекі бұйымдары (фильтрсіз сигареттерді және папиростарды 
қоспағанда)
     2. Импортталатын темекі бұйымдары.
     
     2402        Темекі бұйымдары,
                 құрамында темекі бар өзге де бұйымдар
     
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Жұманазарова А.Б.