"2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттiк кәсіпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысы мен "Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің "М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні:
көлік және коммуникациялар саласында және экономиканың басқа да салаларында жоғары білікті мамандар даярлау және қайта даярлау;
көлік және коммуникациялар саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық және жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
көлік, технологиялық, коммуникациялық және басқа да техникалық құралдардың жаңа үлгілерін жасау және сынау деп белгілесін;
2) Қоғам мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесi эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекiтілген Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбiне сәйкес жүргiзсiн;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген іс-шаралар орындалғаннан кейін акциялардың мемлекеттік пакетін жарғылық капиталының 45 пайызы мөлшерiнде сатуды жүзеге асырсын;
4) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсін;
5) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 18 маусымдағы
N 833 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 470-114-жол алынып тасталсын.
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-45-жолмен толықтырылсын:
"123-45. "М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясы" ЖАҚ".
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-10-жолмен толықтырылсын:
"222-10. "М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясы" ЖАҚ".
4.№<*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .