Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1210 P001210_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 413-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;
Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бірінші вице-министрі;
Тұяқбаева Баян Тұматайқызы - Қазақстан Республикасының "Жібек жолы -
Қазақстан" ұлттық компаниясының Тарихи-мәдени мұра ғылыми-өндірістік
орталығының директоры (келісім бойынша);
ал, "Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрі, төрағаның орынбасары";
көрсетілген комиссияның құрамынан:
Көшербаев Қырымбек Елеуұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.