1. Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Би - Логистикс" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мән-жайы:
Қоғамның қаржылық қаражатын тиімді пайдалануды арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу;
соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету проблемаларын зерделеу және осы жұмыстарды ұйымдастыруға көмек көрсету;
шаруашылық қызметін жүзеге асыру және шарт бойынша заңды тұлғаларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде өзге де шаралар қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен сот тәртібімен алынған мүліктерді және құндылықтарды оларды сатқанға дейін сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет Қоғамның жарғылық капиталын 100 есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Қоғамның жарғысын бекітсін және мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін:
мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қоғам акцияларының Мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетіне берсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Акциялардың мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-12-жолмен толықтырылсын:
"21-12 "Би - Логистикс" ЖАҚ";
"Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 241-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетіне 241 "Би - Логистикс" ЖАҚ". 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Шарипова М.Е.