"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы
Z970111_
Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201
қаулысын
жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N
1894
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 11-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі";
Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізбесінде:
І бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын:
"24. Медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысу".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 7 маусымдағы
N 767 қаулысымен
бекітілген
1. Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялаудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген әрі медициналық және дәрігерлік қызметті (бұдан әрі - медициналық қызмет) жүзеге асыруға арналған лицензияларды заңды және жеке тұлғаларға берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Медициналық қызметті лицензиялауды (Алматы қаласының аумағындағы қызметтен басқа) Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды атқаратын уәкілетті органы (бұдан әрі - Лицензиар) жүзеге асырады.
Алматы қаласында медициналық қызметті лицензиялауды Алматы қаласының атқарушы органы осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Медициналық қызметті лицензиялау халықтың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз ету, өтініш берушілердің халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
4. Лицензиялауға Қазақстан Республикасында медициналық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік және жеке ұйымдар мен жеке медициналық практикамен және халық медицинасымен (емшілікпен) айналысатын жеке тұлғалардың (бұдан әрі - Лицензиаттар) қызметі жатады.
5. Шетелдік заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары сияқты шарттарда және тәртіппен алады.
2. Лицензия берудің тәртібі мен шарттары
6. Медициналық қызметке лицензия мерзімі шектелмей беріледі. Лицензия иеліктен айыруға жатпайтын құжат болып табылады және оны Лицензиаттың басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруіне болмайды.
7. Лицензияға, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтің және/немесе белгілі бір мамандық (мамандықтар) бойынша қызметтің түрі (түрлері) көрсетілген, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес қосымша беріледі. <*>
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.01.11.
N 35
қаулысымен.
8. Медициналық қызметпен айналысу құқығы үшін алымның мөлшері мен оны төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
9. Лицензияға енгізілген медициналық қызмет (мамандықтар) түрлерінің санына қарамастан, медициналық қызметпен айналысудың бүкіл кезеңіне лицензия беру, лицензиялық алымды лицензияны беру кезінде бір рет төлеу арқылы жүзеге асырылады.
10. Лицензиат филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда Лицензиарды 30 күн ішінде хабардар етеді.
11. Медициналық қызметке лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) медициналық, дәрігерлік қызметті жүзеге асыратын объектілері көрсетілген, белгіленген үлгідегі өтініш; <*>
2) Лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) лицензиялық алым енгізілгендігін растайтын құжат;
4) мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін).
Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 35
қаулысымен.
12. Лицензия беру туралы өтінішті қарау мерзімі Ереженің 11-тармағында көзделген барлық қажетті құжатпен бірге өтінішті берген күннен бастап есептеледі.
Лицензиялар бір айлық мерзімнен кешіктірілмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - өтініш берген күннен бастап он күндік мерзімнен кешіктірмей барлық қажетті құжатымен бірге беріледі.
13. Лицензия бір данада беріледі.
Лицензияны жоғалтқан жағдайда, Лицензиаттың телнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша Лицензиар он күннің ішінде лицензияның телнұсқасын беруді жүргізеді. Лицензиат бұл ретте лицензиялық алым төлейді.
14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса отырып, бір айлық мерзімде Лицензиарға бұл туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
Заңды тұлғаның атауы, тұрған орны (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса отырып, бір айдың ішінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап Лицензиар он күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
Лицензияны қайта ресімдеу және көрсетілген құжатты беру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым төленеді.
3. Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптары
15. Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) санитарлық және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін, өрт қауіпсіздігі, еңбек қорғау талаптарына жауап беретін медициналық қызметпен айналысуға жарамды жеке кіретін есігі бар өндірістік үй-жайлар мен алаңдар;
2) медициналық қызметтің мәлімделген түрлеріне сай медициналық немесе арнаулы жабдықтар, техника, аппараттар мен құралдар, мүкәммал, арнаулы киім, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды сақтау шарттарын қамтамасыз етуге және орындауға арналған құралдар;
3) шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органы бекіткен емдік препараттар;
4) жеке тұлғалардың (заңды тұлғалардың қызметкерлерінің) медициналық білімі;
5) жеке тұлғалардың (заңды тұлғалардың қызметкерлерінің) академияларда, дәрігерлердің (орта медициналық қызметкерлердің) білімін жетілдіру институттарында (колледждерінде), ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бес жылда бір реттен сирек емес маманданудың, жетілдірілуден және біліктілікті көтерудің басқа да түрлерінен өтуі.
Медициналық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін жеке тұлғалардың мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс. <*>
Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.11.23. N 1224
қаулысымен
.
16. Халық медицинасының әдістерімен емдеумен (емшілікпен) айналысқысы келетін арнаулы медициналық білімі жоқ адамдардың лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органы берген тиісті куәлігі және адамның осы Ереженің 15-тармағының 1)-3) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттары болуы тиіс.
17. Осы Ереженің 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген үй-жайдың орналасқан жері өзгерген жағдайда, Лицензиат бұл туралы Лицензиарға бір айлық мерзімде хабарлайды.
18. Лицензиар өтініш берушінің осы Ереженің 15-тармағының 1)-3) тармақшаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді өтініш берушінің орналасқан жеріне шыға отырып жүзеге асыруы мүмкін.
19. Лицензия берілмейді, егер:
1) субъектілердің осы санаты үшін қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен тыйым салынса;
2) осы Ереженің 11-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар түгел ұсынылмаса. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған ретте, өтініш жалпы негізде қаралады;
3) лицензиялық алым енгізілмесе;
4) өтініш беруші осы Ережеге сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына жауап бермесе;
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімі болса.
Лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарылады.
20. Егер өтініш беруші бас тартуды негізсіз деп тапса, онда ол бір айлық мерзімде сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
5. Лицензияны қайтарып алу және
оның қолданылуын тоқтата тұру
21. Лицензия заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
22. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға мыналар негіз болады:
1) Лицензиаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздігі;
2) көрсетілген медициналық көмектің заңнамада белгіленген сапаға сәйкессіздігі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер.
23. Лицензияның қолданылуы тұрған себептер жойылғаннан кейін, лицензияның қолданылуы қалпына келеді.
24. Лицензия мынадай жағдайларда сот тәртібімен қайтарылып алынуы мүмкін:
1) соттың Лицензиатқа ол ие лицензия бойынша жүзеге асыратын қызмет түрімен айналысуына тыйым салуы;
2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі себептердің жойылмауы;
3) лицензия алу кезінде Лицензиаттың көрнеу жалған ақпарат ұсынуы;
4) лицензиядағы талаптарды Лицензиаттың орындамауы.
25. Лицензиат жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органына, көрсетілген уәкілетті орган белгілеген нысан, түрлер және көлем бойынша, есептер ұсынуға міндетті.
26. Тиісті лицензиясыз не лицензиялық нормалар мен ережелерді бұза отырып медициналық қызметпен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеліп соқтырады.
27. Азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін бұзушылықтар анықталған ретте халық емшілерінен лицензия мен куәлік қайтарып алынады.
Медициналық және дәрігерлік
қызметті лицензиялау ережесіне
1-қосымша <*>
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 35
қаулысымен
.
Ескерту. 1-Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.11.23. N 1224
қаулысымен
.
Лицензияланатын медициналық қызметтiң құрамына кiретiн
жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзбесi
1. Бастапқы (дәрiгерге дейiнгi) медициналық-санитарлық көмек
2. Жедел және шұғыл медициналық көмек:
1) тасымалдау кезiнде медициналық алып жүру;
2) шұғыл медициналық көмек;
3) жедел медициналық көмек.
Диагностика:
3. Зертханалық диагностика:
1) бактериологиялық зерттеулер;
2) биохимиялық зерттеулер;
3) иммундық зерттеулер;
4) адамның иммунитет тапшылығының вирусын (АҚТҚ-диагностика) зертханалық диагностикалау;
5) жалпы клиникалық зерттеулер;
6) серологиялық зерттеулер;
7) цитологиялық зерттеулер.
4. Дерттану анатомиясы
5. Радиологиялық диагностика
6. Рентгенологиялық диагностика
7. Ультрадыбыстық диагностика
8. Функционалдық диагностика
9. Эндоскопиялық диагностика
Ересектерге және/немесе балаларға мынадай мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық және/немесе тұрақты медициналық көмек:
10. Акушерлiк және гинекология (қосалқы ұрпақты болу технологиясын қоса алғанда)
11. Aллepгoлoгия және иммунология
12. Анестезиология және реанимаматология
13. Андрология
14. Валеология
15. Гематология
16. Гипербариялық оттекпен емдеу
17. Дерматовенерология
18. Дерматокосметология
19. Емдәмтану
20. Жұқпалы аурулар
21. Массаж
22. Наркология
23. Невропатология
24. Неонатология
25. Жалпы дәрiгерлiк практика, отбасылық дәрiгер
26. Онкология, маммология
27. Оториноларингология
28. Офтальмология
29. Педиатрия
30. Психиатрия
31. Психотерапия, медициналық психология
32. Радиология
33. Сексопатология
34. Спорттық медицина және емдiк дене шынықтыру
35. Стоматология:
1) терапиялық;
2) хирургиялық;
3) ортопедиялық;
4) ортодондық
36. Терапия:
1) жалпы;
2) гастроэнтерология;
3) кардиология;
4) нефрология;
5) профпатология;
6) пульмонология;
7) ревматология.
37. Травматология, ортопедия және камбустиология
38. Токсикология
39. Трансплантология
40. Урология
41. Физиотерапия
42. Фтизиатрия
43. Хирургия:
1) абдоминальды;
2) ангиохирургия;
3) кардиохирургия;
4) микрохирургия;
5) нейрохирургия;
6) жалпы;
7) пластикалық;
8) торакальды;
9) эндоскопиялық
44. Эндокринология
Сараптамалық медициналық қызмет:
45. Емдеу-алдын алу қызметiн сараптау
46. Еңбек қабiлетiн және кәсiби жарамдылығын сараптау (алдын алу және кезеңдiк медициналық тексеру)
47. Психиатриялық, оның iшiнде сот-психиатриялық, наркологиялық және сот-наркологиялық сараптама
48. Халықтық медицина (шипагерлiк)*
Дәстүрлi емес медициналық қызмет:
49. Гомеопатия
50. Гирудотерапия
51. Қолмен емдеу
52. Рефлекс арқылы емдеу
53. Шөптермен емдеу және табиғи тектi құралдармен емдеу
54. Санаторийлiк емдеу:
1) бальнеотерапия;
2) сумен емдеу;
3) парафиноозокериттiк балшықпен емдеу.
55. Қан дайындау
Санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы медициналық қызмет:
56. Халықты гигиенаға үйрету
57. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау
58. Санитарлық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер:
1) бактериологиялық;
2) вирусологиялық;
3) шуды, дiрілдi, электромагниттiк өрiстердi және басқа да физикалық факторларды өлшеу;
4) паразитологиялық;
5) радиометрия және дозиметрия;
6) санитарлық-химиялық;
7) токсикологиялық.
* оның iшiнде, медициналық бiлiмi жоқ адамдар үшiн
Медициналық және дәрігерлік
қызметті лицензиялау ережесіне
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 35 қаулысымен.
Сериясы_______ N _______
медициналық және дәрігерлік
қызметке арналған мемлекеттік лицензияға
N ____ ҚОСЫМША
___________________________________________________________________
(лицензияттың толық атауы, заңдық мекен-жайы)
____________________________________________ мекен-жайы бойынша
орналасқан
______________________________________________________________
объектiсiне
медициналық және дәрігерлік қызметтің мынадай түрлерiне берiлдi:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Лицензиар-орган
_________________________________________________________
(лицензиялау органының толық атауы)
Басшы __________________________________________ _____________
(лицензияны берген орган басшысының Т.А.Ә.) (қолы)
Берiлген уақыты 200__ жылғы "___" ______________
________________ қаласы
Мөр орны