1. Қоса беріліп отырған Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 K952201_ қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде: реттік нөмірі 11-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі"; Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізбесінде: І бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын: "24. Медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысу". 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулысымен бекітілген Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялаудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген әрі медициналық және дәрігерлік қызметті (бұдан әрі - медициналық қызмет) жүзеге асыруға арналған лицензияларды заңды және жеке тұлғаларға берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Медициналық қызметті лицензиялауды (Алматы қаласының аумағындағы қызметтен басқа) Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды атқаратын уәкілетті органы (бұдан әрі - Лицензиар) жүзеге асырады.
Алматы қаласында медициналық қызметті лицензиялауды Алматы қаласының атқарушы органы осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Медициналық қызметті лицензиялау халықтың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз ету, өтініш берушілердің халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
4. Лицензиялауға Қазақстан Республикасында медициналық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік және жеке ұйымдар мен жеке медициналық практикамен және халық медицинасымен (емшілікпен) айналысатын жеке тұлғалардың (бұдан әрі - Лицензиаттар) қызметі жатады.
5. Шетелдік заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары сияқты шарттарда және тәртіппен алады.
2. Лицензия берудің тәртібі мен шарттары
6. Медициналық қызметке лицензия мерзімі шектелмей беріледі. Лицензия иеліктен айыруға жатпайтын құжат болып табылады және оны Лицензиаттың басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруіне болмайды.
7. Лицензия осы Ереженің қосымшасына сәйкес медициналық қызметтің белгілі бір түріне (түрлеріне) және/немесе белгілі бір мамандық (мамандықтар) бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға беріледі.
8. Медициналық қызметпен айналысу құқығы үшін алымның мөлшері мен оны төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
9. Лицензияға енгізілген медициналық қызмет (мамандықтар) түрлерінің санына қарамастан, медициналық қызметпен айналысудың бүкіл кезеңіне лицензия беру, лицензиялық алымды лицензияны беру кезінде бір рет төлеу арқылы жүзеге асырылады.
10. Лицензиат филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда Лицензиарды 30 күн ішінде хабардар етеді.
11. Медициналық қызметке лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) Лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) лицензиялық алым енгізілгендігін растайтын құжат;
4) мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін).
12. Лицензия беру туралы өтінішті қарау мерзімі Ереженің 11-тармағында көзделген барлық қажетті құжатпен бірге өтінішті берген күннен бастап есептеледі.
Лицензиялар бір айлық мерзімнен кешіктірілмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - өтініш берген күннен бастап он күндік мерзімнен кешіктірмей барлық қажетті құжатымен бірге беріледі.
13. Лицензия бір данада беріледі.
Лицензияны жоғалтқан жағдайда, Лицензиаттың телнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша Лицензиар он күннің ішінде лицензияның телнұсқасын беруді жүргізеді. Лицензиат бұл ретте лицензиялық алым төлейді.
14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса отырып, бір айлық мерзімде Лицензиарға бұл туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
Заңды тұлғаның атауы, тұрған орны (егер ол лицензияда көрсетілген
болса) өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса отырып, бір айдың ішінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап Лицензиар он күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді. Лицензияны қайта ресімдеу және көрсетілген құжатты беру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым төленеді. 3. Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары 15. Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) санитарлық және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін, өрт қауіпсіздігі, еңбек қорғау талаптарына жауап беретін медициналық қызметпен айналысуға жарамды жеке кіретін есігі бар өндірістік үй-жайлар мен алаңдар;
2) медициналық қызметтің мәлімделген түрлеріне сай медициналық немесе арнаулы жабдықтар, техника, аппараттар мен құралдар, мүкәммал, арнаулы киім, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды сақтау шарттарын қамтамасыз етуге және орындауға арналған құралдар;
3) шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органы бекіткен емдік препараттар;
4) жеке тұлғалардың (заңды тұлғалардың қызметкерлерінің) медициналық білімі;
5) жеке тұлғалардың (заңды тұлғалардың қызметкерлерінің) академияларда, дәрігерлердің (орта медициналық қызметкерлердің) білімін жетілдіру институттарында (колледждерінде), ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бес жылда бір реттен сирек емес маманданудың, жетілдірілуден және біліктілікті көтерудің басқа да түрлерінен өтуі.
Медициналық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін жеке тұлғалардың мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс.
16. Халық медицинасының әдістерімен емдеумен (емшілікпен) айналысқысы келетін арнаулы медициналық білімі жоқ адамдардың лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органы берген тиісті куәлігі және адамның осы Ереженің 15-тармағының 1)-3) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттары болуы тиіс.
17. Осы Ереженің 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген үй-жайдың орналасқан жері өзгерген жағдайда, Лицензиат бұл туралы Лицензиарға бір айлық мерзімде хабарлайды.
18. Лицензиар өтініш берушінің осы Ереженің 15-тармағының 1)-3) тармақшаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді өтініш берушінің орналасқан жеріне шыға отырып жүзеге асыруы мүмкін.
4. Лицензия беруден бас тарту
19. Лицензия берілмейді, егер:
1) субъектілердің осы санаты үшін қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен тыйым салынса;
2) осы Ереженің 11-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар түгел
ұсынылмаса. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған ретте, өтініш жалпы негізде қаралады; 3) лицензиялық алым енгізілмесе; 4) өтініш беруші осы Ережеге сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына жауап бермесе; 5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімі болса. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарылады. 20. Егер өтініш беруші бас тартуды негізсіз деп тапса, онда ол бір айлық мерзімде сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 5. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру 21. Лицензия заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін. 22. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға мыналар негіз болады: 1) Лицензиаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздігі; 2) көрсетілген медициналық көмектің заңнамада белгіленген сапаға сәйкессіздігі; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер. 23. Лицензияның қолданылуы тұрған себептер жойылғаннан кейін, лицензияның қолданылуы қалпына келеді. 24. Лицензия мынадай жағдайларда сот тәртібімен қайтарылып алынуы мүмкін: 1) соттың Лицензиатқа ол ие лицензия бойынша жүзеге асыратын қызмет түрімен айналысуына тыйым салуы; 2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі себептердің жойылмауы; 3) лицензия алу кезінде Лицензиаттың көрнеу жалған ақпарат ұсынуы; 4) лицензиядағы талаптарды Лицензиаттың орындамауы. 6. Қорытынды ережелер 25. Лицензиат жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органына, көрсетілген уәкілетті орган белгілеген нысан, түрлер және көлем бойынша, есептер ұсынуға міндетті. 26. Тиісті лицензиясыз не лицензиялық нормалар мен ережелерді бұза отырып медициналық қызметпен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеліп соқтырады. 27. Азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін бұзушылықтар анықталған ретте халық емшілерінен лицензия мен куәлік қайтарып алынады.
Медициналық және дәрігерлік
қызметті лицензиялау ережесіне қосымша
Лицензияланатын медициналық қызмет құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізбесі Алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитарлық көмек: 1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек 2. Ересектерге медициналық патронаж 3. Балаларға медициналық патронаж 4. Оптометрия Жедел және шұғыл медициналық көмек: 5. Тасымалдағанда медициналық алып бару 6. Шұғыл медициналық көмек 7. Жедел медициналық көмек Диагностика: 8. Зертханалық диагностика: 1) бактериологиялық зерттеулер 2) биохимиялық зерттеулер 3) иммунологиялық зерттеулер 4) адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын зертханалық диагностикалау (АҚТҚ-диагностика) 5) жалпы клиникалық зерттеулер 6) серологиялық зерттеулер 7) цитологиялық зерттеулер 9. Биологиялық бақылау 10. Патологиялық анатомия 11. Радиологиялық диагностика 12. Рентгенологиялық диагностика 13. Рентгенді-эндоваскулярлық диагностика 14. Ультрадыбыстық диагностика 15. Функционалдық диагностика 16. Электропунктурлық (компьютерлік) диагностика 17. Эндоскопиялық диагностика Ересек тұрғындарға амбулаториялық-емханалық медициналық көмек - мынадай мамандықтар бойынша: 18. Акушерлік және гинекология 19. Аллергология 20. Анестезиология және реаниматология 21. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік бақылау 22. Венерология 23. Гастроэнтерология 24. Гематология 25. Гериатрия 26. Гипербариялық оттектеу 27. Дерматология 28. Диетология (шипалы тамақ) 29. Жұқпалы аурулар 30. Иммунология 31. Кардиология 32. Косметология: 1) терапевтік 2) хирургиялық 33. Емдік дене шынықтыру 34. Маммология 35. Наркология 36. Невропатология 37. Нефрология 38. Нейрохирургия 39. Онкология 40. Отоларингология 41. Офтальмология 42. Проктология 43. Протездеу 44. Профпатология 45. Психиатрия 46. Психотерапия 47. Пульмонология 48. Рентгенология 49. Ревматология 50. Сексопатология 51. Стоматология 1) терапевтік 2) хирургиялық 3) ортопедиялық 4) ортодонтиялық 52. Ем 53. Травматология және ортопедия 54. Еңбекпен емдеу 55. Урология 56. Физиотерапия 57. Фтизиатрия 58. Хирургия 59. Эндрокринология 60. Эндоскопия Жалпы дәрігерлік практика, отбасылық дәрігер Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек - мынадай мамандықтар бойынша: 61. Аллергология 62. Анестезиология 63. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік бақылау 64. Венерология 65. Гастроэнтерология 66. Гематология 67. Гинекология 68. Диетология 69. Дерматология 70. Жұқпалы аурулар 71. Иммунология 72. Кардиоревматология 73. Емдік дене шынықтыру 74. Наркология 75. Нейрохирургия 76. Невропатология 77. Неонатология 78. Нефрология 79. Онкология 80. Ортодонтия 81. Отоларингология 82. Офтальмология 83. Педиатрия 84. Проктология 85. Протездеу 86. Психиатрия 87. Психотерапия 88. Пульмонология 89. Рентгенология 90. Стоматология 1) терапевтік 2) хирургиялық 3) ортодонтия 91. Травматология және ортопедия 92. Урология 93. Фтизиатрия 94. Физиотерапия 95. Хирургия 96. Эндоскопия 97. Эндокринология Ересек тұрғындарға стационарлық медициналық көмек - мынадай мамандықтар бойынша: 98. Акушерлік 99. Аллергология 100. Анестезиология және реаниматология 101. Венерология 102. Гастроэнтерология 103. Гематология 104. Гериатрия 105. Гинекология (ДТҰ-денеден тыс ұрықтануды қоса алғанда) 106. Гипербариялық оттектеу 107. Дерматология 108. Диетология (шипалы тамақ) 109. Иммунология 110. Жұқпалы аурулар 111. Кардиология 112. Косметология: 1) терапевтік 2) хирургиялық 113. Емдік дене шынықтыру 114. Маммология 115. Наркология 116. Невропатология 117. Нефрология 118. Нефрология оперативтік - гемодиализ 119. Онкология 120. Ортодонтия 121. Отоларингология 122. Офтальмология 123. Проктология 124. Протездеу 125. Профпатология 126. Психиатрия 127. Психотерапия 128. Пульмонология 129. Радиология 130. Ревмотология 131. Рентгенология 132. Стоматология: 1) терапевтік 2) хирургиялық 3) ортопедиялық 133. Ем 134. Токсикология 135. Травмотология, ортопедия және комбустиология 136. Трансплантология: 1) ағзалар мен тканьдерді алу 2) ағзалар мен тканьдерді ауыстырып салу 3) ағзалар мен тканьдерді сақтау 137. Еңбекпен емдеу 138. Урология 139. Физиотерапия 140. Фтизиатрия 141. Хирургия: 1) абдоминальды 2) ангиохирургия 3) іріңді 4) кардиохирургия 5) микрохирургия 6) нейрохирургия 7) жалпы 8) пластикалық 9) рентгенді-эндоваскулярлық хирургия 10) торакальды 11) өт-тас, зәр-тас ауруларындағы денеден тыс литотрипсия 12) эндоскопиялық 13) эндокринологиялық 142. Эндокринология 143. Эндоскопия 144. Андрология 145. Сексопатология Балаларға стационарлық медициналық көмек - мынадай мамандықтар бойынша: 146. Аллергология 147. Анестезиология және реаниматология 148. Венерология 149. Гастроэнтерология 150. Гематология 151. Диетология (шипалы тамақ) 152. Дерматология 153. Иммунология 154. Жұқпалы аурулар 155. Кардиоревматология 156. Емдік дене шынықтыру 157. Невропатология 158. Неонатология 159. Онкология 160. Отоларингология 161. Офтальмология 162. Педиатрия 163. Проктология 164. Психиатрия 165. Психотерапия 166. Протездеу 167. Пульмонология 168. Радиология 169. Рентгенология 170. Стоматология: 1) терапевтік 2) хирургиялық 171. Травматология, ортопедия және комбустиология 172. Трансплантология: 1) ағзалар мен тканьдерді алу 2) ағзалар мен тканьдерді ауыстырып салу 3) ағзалар мен тканьдерді сақтау 173. Токсикология 174. Урология 175. Фтизиатрия 176. Физиотерапия 177. Хирургия 1) іріңді 2) нейрохирургия 3) жалпы 4) пластикалық 5) жүрек-қан тамыры 6) торакальды 178. Эндокринология 179. Эндоскопия Сараптамалық медициналық қызмет: 180. Емдеу-алдын алу қызметін сараптау 181. Еңбек қабілетін сараптау 182. Психиатриялық, оның ішінде сот-психиатриялық сараптама 183. Балалардың денсаулық жағдайын сараптау 184. Жүргізушілердің денсаулық жағдайын сараптау 185. Бозбалалардың (әскери-медициналық) денсаулық жағдайын сараптау 186. Кәсіби жарамдылығын сараптау (алдын алу және кезеңдік медициналық тексеру) 187. Наркологиялық сараптама Дәстүрлі емес медициналық қызмет: 188. Гомеопатия 189. Қолмен емдеу 190. Массаж 191. Рефлекс арқылы емдеу 192. Дәстүрлі емес диагностика 193. Сауықтырудың дәстүрлі емес жүйелері 194. Шөптермен емдеу және табиғи құралдармен емдеу 195. Сауықтырудың энергия ақпараттық жүйесі Санаторлық емдеу: 196. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек 197. Шұғыл медициналық көмек 198. Диетология (шипалы тамақ) 199. Емдік дене шынықтыру 200. Бальнеотерапия 201. Рефлекс арқылы емдеу 202. Массаж 203. Физиотерапия 204. Сумен емдеу 205. Парафиндік-озокериттік балшықпен емдеу 206. Шөптермен емдеу және табиғи құралдармен емдеу 207. Қан және оның құрамдас бөліктерін дайындау 208. Қан препараттарын өндіру және сату Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: 209. Денсаулық сақтау ұйымдарының эпидемияға қарсы режим талаптарына сәйкестігін сараптау 210. Емдеу-алдын алу ұйымдары алдын алу медициналық тексерулер өткізгеннен кейін халықтың декреттелген тобына жұмысқа рұқсат ету 211. Халыққа гигиеналық білім беру 212. Жобалық және өзге де материалдардың санитарлық-гигиеналық талаптар мен гигиеналық нормативтік бөлімдеріне сәйкестігін сараптау 213. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама 214. Медициналық иммунобиологиялық препараттарды өндіру және сату 215. Жаңа технологиялық процестер мен технологиялық жабдықтарды сараптау 216. Зертханалық зерттеулер: 1) бактериологиялық 2) вирусологиялық 3) шуды, дірілді, электромагниттік өрістерді және басқа да физикалық факторларды өлшеу 4) паразитологиялық 5) радиометрия және дозиметрия 6) санитарлық-химиялық 7) токсикологиялық 217. Өсімдік өнімін зертханалық зерттеу 218. Санитарлық-гигиеналық зерттеу 219. Жұмыс орындарына аттестациялау жүргізуді әдістемелік және практикалық қамтамасыз ету 220. Өндірістегі еңбек жағдайын гигиеналық сараптау 221. Жобалық-техникалық құжаттама, техникалық шарттар әзірлеу Мамандар: Багарова Ж.А. Жұманазарова А.Б.