Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заемын тартуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1935 P001935_ қаулысына:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "2000" деген сан "2001" деген санмен
ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік
инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002
жылдарға арналған Мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 3-қосымшада:
"Көлік және байланыс" салалық секторында реттік нөмірі 16-жолда:
"Кепіл мөлшері" деген жолда:
9-бағандағы "27,40" деген сан алынып тасталсын;
10-баған "27,40" деген санмен толықтырылсын;
"Барлығы" деген жолда:
"Кепіл мөлшері" деген жолда:
9-бағандағы "245,40" деген сан "218,00" деген санмен ауыстырылсын;
10-бағандағы "228,66" деген сан "256,06" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.