Алматы-Астана желiсiнде жолаушылар поездарының жүру уақытын қысқарту, сондай-ақ қозғалыс қауiпсiздiгі мен жолаушылар үшін жайлылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттiк емес сыртқы заем қаражаты есебiнен қаржыландырылатын "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi - "Заем алушы") "Patentes Talgo S.А." компаниясының (Испания Корольдiгi) екi темiр жол жолаушылар составын сатып алу жобасы басым инвестициялық жоба ретiнде мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) тартылатын мемлекеттiк емес заем бойынша мiндеттемелердi Заем алушының орындауын қамтамасыз ету ретiнде кредиторға "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Z990473_ бекітiлген мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитi шегiнде жалпы сомасы 27 400 000 (жиырма жетi миллион төрт жүз мың) АҚШ долларына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдігін берсiн;
2) көрсетiлген мемлекеттiк кепiлдiктің берiлуiне байланысты оның
Қазақстан Республикасының алдында туындайтын мiндеттемелерi туралы
Заем алушымен тиiстi келiсiм жасассын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.31. N 747
қаулысымен.
3. Заем алушы заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кепілдiктi
алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
4.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963
қаулысымен.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары О.Жандосовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.