1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, 2006 жылға дейінгі мерзімге Экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебінен алынған несие бойынша берешекті өтеуді 2002 жылдан бастай отырып, "С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты" өндірістік бірлестігі" ашық акционерлік қоғамының
берешегін қайта құрылымдауды жүргізсін және тиісті келісім жасассын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.