"С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты" өндірістік бірлестігі" ашық акционерлік қоғамының берешегін қайта құрылымдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 26 сәуір N 561

Жаңартылған

      Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Медетшi қоры" жабық акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп Экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебiнен алынған кредит бойынша және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қаржы министрлiгiнің кепiлдiгiмен берешектiң өтелуi 2002 жылы басталатын болып, 2008 жылды қоса алғандағы мерзiмге берiлген орталықтандырылған (директивтік) кредит бойынша "С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты" өндiрiстiк бiрлестiгi" ашық акционерлік қоғамының берешегiн қайта құрылымдауды жүргізсiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегi N 832 ~P020832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттің атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзімдік және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердің ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейтiн сыйақы ставкасын ескере отырып, тиiсті келiсiмдер жасассын. <*>
     Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.10.22. N 1143 қаулысымен.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі