"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі
Заңына
және "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату жөніндегі қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 102-құжат):
қаулының аты мынадай редакцияда жазылсын:
"Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері";
1-тармақта:
"жеке және" деген сөздер алынып тасталсын;
"тұлғаларға" деген сөздерден кейін "(астық қабылдау кәсіпорындарына)" деген сөздермен толықтырылсын:
"Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату" деген сөздер "Астықты меншігінде айрықша қызмет түрі ретінде астықты сақтау жүзеге асырылатын астық сақтау қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату" деген сөздер "Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарында:
атында:
"жеке және" деген сөздер алынып тасталсын;
"тұлғаларға" деген сөздерден кейін "(астық қабылдау кәсіпорындарына)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату" деген сөздер "Астықты сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта:
"жеке және" деген сөздер алынып тасталсын;
"тұлғаларға" деген сөздерден кейін "(астық қабылдау кәсіпорындарында)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату" деген сөздер "Астықты меншігінде айрықша қызмет түрі ретінде астықты сақтау жүзеге асырылатын астық сақтау қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақтағы "пен оны қайта өңдеу өнімдерін" деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақтағы "астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін ұқсату" деген сөздер "астықты сақтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) <*>
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201
қаулысын
жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 26-жолдың 3-бағанының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"астықты сақтау";
көрсетілген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімінде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген 1-бөлімнің 23-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Астықты сақтау";
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІ-бөлімнің 20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Астықты сақтау".
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N
168
қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі