"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының N 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
2. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мемлекеттік органдар бір апта мерзімде Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының тиісті кандидатуралардың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 18 сәуірдегі
N 517 қаулысына
қосымша
Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау
жөніндегі біліктілік комиссиясының
құрамына енетін мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі <*>
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша)
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1420 қаулысымен.