Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 517 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1420.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 691 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі  N 691 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 517  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 182-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі