2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 сәуір N 503

Қолданыстағы
      2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған 2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттерді несиелендіру ережесі бекітілсін.
      2. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2001 жылға арналған облыстық бюджеттерде осы қаулының 4-тармағына сәйкес алынған несие бойынша түсім және өтеу көзделген тиісті мәслихаттардың шешімдерін, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды тапсырсын; <*>
      көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе сатып алу үшін несиелендіру тетігін көздейтін ішкі ережені әзірлесін және бекітсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.18. N 652
               қаулысымен. P010652_
      3. Көрсетілген облыстардың әкімдеріне осы қаулының 4-тармағына сәйкес көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіруге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты қарызға алуға рұқсат етілсін.
      4. Осы қаулының 2-тармағы орындалған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі көрсетілген облыстардың әкімдеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін бұл мақсатқа 2001 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне көзделген қаражаттан, осы қаулымен бекітілген ережеде айқындалған шарттар бойынша 3 572 000 000 (үш миллиард бес жүз жетпіс екі миллион) теңге сомасында несие, оның ішінде:
      Ақмола облысының әкіміне - 906 700 000 (тоғыз жүз алты миллион жеті

жүз мың) теңге;
     Ақтөбе облысының әкіміне - 152 000 000 (бір жүз елу екі миллион) 
теңге;
     Шығыс Қазақстан облысының әкіміне - 200 000 000 (екі жүз миллион) 
теңге;
     Батыс Қазақстан облысының әкіміне - 146 600 000 (бір жүз қырық алты 
миллион алты жүз мың) теңге;
     Қарағанды облысының әкіміне - 186 700 000 (бір жүз сексен алты 
миллион жеті жүз мың) теңге;
     Қостанай облысының әкіміне - 920 000 000 (тоғыз жүз жиырма миллион) 
теңге;
     Павлодар облысының әкіміне - 140 000 000 (бір жүз қырық миллион) 
теңге;
     Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне - 920 000 000 (тоғыз жүз жиырма 
миллион) теңге бөлінсін.


      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан

Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты 
пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.
     7. Осы қаулы "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енген күннен бастап күшіне 
енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                         2001 жылғы 18 сәуірдегі
                                          N 503 қаулысымен
                                                бекітілген
     
      2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді
          ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттерді несиелендіру
                              ережесі
     


      1. Осы ереже "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Заңымен 212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" әкімшісінің 84 "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттерді несиелендіру" бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 572 000 000 (үш миллиард бес жүз жетпіс екі миллион) теңге сомадағы несиені (бұдан әрі - Несие) беру тәртібі мен шарттарын анықтайды.
      2. 3 572 000 000 (үш миллиард бес жүз жетпіс екі миллион) теңге сомадағы несие одан әрі жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ), тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сыйақының нөлдік ставкасы бойынша несиелендіру үшін облыстардың бюджеттеріне қайтарым, төлем, мерзімді және қамтамасыз ету шартымен сыйақы 9,4 жылдық пайыз ставка бойынша 2001 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімге беріледі.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.18. N 652
               қаулысымен. P010652_
      3. Тиісті облыстардың әкімдері бөлінген Несиенің мақсатты пайдаланылуы мен олардың республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын қамтамасыз етеді.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әкімдермен тиісті несиелік келісімдер (бұдан әрі - Несиелік келісімдер) жасасады.
      5. 84 "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттерді несиелендіру" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен облыстық бюджеттерге несие бөлуді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жоспарланған мақсаттарды көрсетілген бағдарламадан әкімшісі болып тиісті облыстардың әкімдері белгіленетін жергілікті бюджеттерді несиелендірудің тиісті бағдарламаларына аудару жолымен жүзеге асырады.
      6. Әкімдер бөлінетін Несие сомасын тиісті облыстық бюджеттің есебіне алады.
      7. Несиелік келісімдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі ретінде облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2001 жылдың ішінде қысқартылмайтын тиісті жергілікті бағдарламаларды айқындай отырып, 2001 жылғы облыстық бюджеттерде Несие бойынша түсі, өтем және сыйақы төлеу көзделген тиісті мәслихаттардың шешімдерін және ЖЖМ, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды тапсырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.18. N 652
               қаулысымен. P010652_
      8. Несие белгіленген мерзімде қайтарылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындаған тәртіппен өтелмеген қарыздың сомасын шығарып тастауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиісті облыстық бюджеттің ағымдағы есеп-шоттары бойынша барлық шығыс операциясын тоқтатып тастайды.
      9. Несиенің мақсатты пайдаланылуын бақылауды Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл 
шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады.
     10. Несиенің республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылауды 
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
     11. Әкімдердің Несиені мақсатсыз пайдаланғаны анықталған жағдайда, 
оларға заңнамамен белгіленген тәртіппен санкциялар қолданылады.
     12. Несиені республикалық бюджетке қайтаруды әкімдер белгіленген 
мерзімде жүргізеді.
     
     
      
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Жұманазарова А.Б.