Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі N 485 және 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 503 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 мамыр N 652

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 қазандағы N 1542 қаулысымен енгізілген "Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы" Қазақ ССР Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен қайтарып алынсын.     

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі