Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Органикалық синтез және көмір химиясы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 сәуір N 470

Жаңартылған

      "2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысынорындау үшiн және "Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Органикалық синтез және көмiр химиясы институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны оның жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен "Қазақстан Республикасының органикалық синтез және көмiр химиясы институты" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 
      1) Қоғам жарғысын бекiту кезiнде қызметiнiң негiзгi мәнi: 
      органикалық синтез және көмiр химиясы саласында iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу; 
      жаңа материалдар мен органикалық синтез және көмiр химиясы әдiстерiн әзiрлеу; 
      шикiзат ресурстарын қайта өңдеудiң экологиялық қолайлы өндiрiстерiнiң ғылыми негiздерiн жасау; 
      консультациялық қызмет көрсету деп айқындалсын; 
      2) Қоғамды мемлекеттiк тiркеуден кейiн белгiленген тәртiппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнiң 25 пайызынан кем емес сомаға акциялардың кейiнгi эмиссияларын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың кейiнгi эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекiтiлген Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саладағы ұйымдарды акционерлiк қоғамдарға қайта ұйымдастыру ережелерiне сәйкес жүргiзсiн; 
      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн акциялардың мемлекеттiк пакетiнің бiр бөлiгiн жарғылық капиталдың 45 пайызы мөлшерiнде сатуды жүзеге асырсын; 
      4) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне берсiн;
      5) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі     

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң              
2001 жылғы 7 сәуiрдегi       
N 470 қаулысымен          
бекiтiлген             

       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне
         енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж. N 13, 124-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiндегi: 
      "Қарағанды облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 214-6-жолмен толықтырылсын: 
      "214-6. "Органикалық синтез және көмiр химиясы институты" ЖАҚ". 
      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттiк үлестерінің тiзбесiндегi: 
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-4-жолмен толықтырылсын:
      "222-4. "Органикалық синтез және көмiр химиясы институты" ЖАҚ".
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.