Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары үшін арнайы пәндер бойынша оқулықтарды, оқу- әдістемелік кешендерді дайындаудың және басып шығарудың бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 наурыз N 409

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптік білім беруді

 

одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы N 721 


P000721_


  қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бастауыш және орта

кәсіптік білім беру ұйымдары үшін арнайы пәндер бойынша оқулықтарды,

оқу-әдістемелік кешендерді дайындаудың және басып шығарудың бағдарламасы

бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                          2001 жылғы 29 наурыздағы

                                           N 409 қаулысымен

                                                 бекітілген


                  Қазақстан Республикасының

     бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары үшін

      арнайы пәндер бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік

          кешендерді дайындаудың және басып шығарудың

                         Бағдарламасы


                              Паспорт


     Бағдарламаның атауы          Қазақстан Республикасының

                                  бастауыш және орта кәсіптік

                                  білім беру ұйымдары үшін арнайы

                                  пәндер бойынша оқулықтарды,

                                  оқу-әдістемелік кешендерді

                                  дайындаудың және басып шығарудың

                                  бағдарламасы


     Әзірлеу үшін негіздеме       "Қазақстан Республикасында

                                  бастауыш және орта кәсіптік

                                  білім беруді одан әрі дамыту

                                  жөніндегі шаралар туралы"

                                  Қазақстан Республикасы

                                  Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы

                                  N 721 


P000721_


  қаулысы


     Әзірлеуші                    Қазақстан Республикасының

                                  Білім және ғылым министрлігі


     Мақсаты                      Бастауыш және орта кәсіптік

                                  білім беру жүйесі үшін

                                  арнайы пәндер бойынша

                                  оқулықтарды, оқу-әдістемелік

                                  кешендерді жасау және

                                  әзірлеудің бірыңғай саясатын

                                  айқындау


     Іске асыру мерзімі           2002-2005 жылдары


                      1. Кіріспе



 
       Кәсіптік білім беру мазмұнын дамыту мамандар даярлаудың қазіргі деңгейін анықтайтын барлық нормативтік құқықтық кесімдерді: жалпы білім берудің мемлекеттік стандарттарын, үлгілік оқу жоспарларын, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын жаңартуға бағытталған.
      Колледждерде, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жалпы білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттарын енгізу бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары үшін арнайы пәндер бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындаудың және басып шығарудың бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырудың объективті негізін құрайды.
      Осы Бағдарлама "Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы N 721 қаулысына сәйкес әзірленді және басқару органдарының, ғылыми-зерттеу, педагогикалық және авторлық ұжымдардың, баспалардың оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, басып шығару және оларды Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне енгізу жөніндегі қызметінің стратегиясын айқындау мен үйлестірудегі негізгі құжат болып табылады.
 
              2. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
 
      Бағдарлама құрамында 84,1 мың оқушы бар 278 мемлекеттік кәсіптік мектептер мен лицейлер, құрамында 88,2 мың оқушы бар 141 мемлекеттік колледждерді қамтитын Қазақстан Республикасындағы бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге бағытталған.
      Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік базасының жай-күйіне жасалған талдау:
      1) мемлекеттік тілдегі жалпы техникалық және кәсіптік циклдағы оқулықтардың мүлдем жоқтығының;
      2) оқыту процесінде 1970-1980 жылдардағы оқулықтардың басымдылығының;
      3) мазмұнына қарай оралымды және жинақы болып келетін, шағын және орта бизнестің дамуын қамтамасыз ететін мамандықтар бойынша оқулықтардың жеткіліксіздігінің;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі N 1173 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа буындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау және басып шығарудың мақсатты бағдарламасына бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған жалпы техникалық және арнайы цикл пәндерімен қамтамасыз етуді енгізбегендігінің;
      5) оқу процесі субъектілерінің жоғары белсенділігін қамтамасыз ететін, оқытудың қазіргі ақпараттық технологияларының - электронды оқулықтардың жоқтығының;
      6) еңбек нарқында талап етілетін неғұрлым кең тараған және басым мамандықтардың оқулықтармен, оқу-құралдарымен қамтамасыз етілмегендігінің;
      7) мемлекеттік білім беру мекемелерінде кітапхана қоры ескірген әрі тозған және 50 пайыз жаңартуды талап ететіндігінің;
      8) 1987 жылдан бері кәсіптік білім беретін мемлекеттік білім мекемелері қаражаттың болмауынан оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілмегендігінің орын алғандығын байқатты.
      Сонымен, Қазақстан Республикасындағы жаңа экономикалық саясат жағдайында кәсіптік білім беру мазмұны сапасының өзгеруі, жалпы білімнің міндетті мемлекеттік стандартының енгізілуі, бастауыш және орта кәсіптік білім мекемелерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етудің қажеттілігі өткір сипат алды.
 
                3. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
 
      Осы Бағдарламаның негізгі мақсаты арнайы пәндер бойынша оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді жасау мен әзірлеу және олармен бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай саясатты айқындау болып табылады. Осы мақсатқа жету мынадай негізгі міндеттерді орындаумен қамтамасыз етіледі:
      1) арнайы пәндер бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді

 

жасау және оларды бастауыш және орта кәсіптік білім ұйымдарының қызметіне

енгізу;

     2) эксперименттік оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді басып

шығару және сынап-байқау;

     3) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді уақытылы басып шығару,

оларды білім беру ұйымдарына жеткізу;

     4) отандық электронды оқулықтарды жасау.


        4. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі


     Жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жасау кезең-кезеңімен

орындалады.

     Бірінші кезең - оқу-әдістемелік базаның жай-күйін диагностикалық

тұрғыда зерделеуге бағытталған талдау жұмысы.


 
       Екінші кезең - оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және электронды оқулықтарды әзірлеуге бағдарланған сындарлы жұмыс.
      Үшінші кезең - эксперименттік оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді басып шығару және эксперименттік электронды оқулықтарды жасау.
      Төртінші кезең - эксперименттік оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және электронды оқулықтарды білім беру ұйымдарында сынап байқау.
      Бесінші кезең - жалпы баспа жұмысы.
      Диагностикалық кезеңді жүргізу:
      1) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі құжаттарды әзірлеу;
      2) бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің ғылыми-педагогикалық негіздерін зерделеу;
      3) кәсіптік мектептерге, лицейлерге, колледждерге арналған қолданылып жүрген отандық оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді талдау;
      4) бастауыш және орта кәсіптік білім беру арнайы пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің қолда бары мен қажеттілігін талдау сияқты жұмыстарды орындауды көздейді.
      Сындарлы кезең:
      1) бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары үшін оқу бағдарламаларын жасауды;
      2) салалық министрліктер мен ведомстволардың мамандарының міндетті түрде сараптау өткізуімен бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары үшін эксперименттік оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және электронды оқулықтар әзірлеуді;
      3) эксперименттік оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және электронды оқулықтарды байқауды ұйымдастыру, жүргізу және нәтижелерін талдау әдістемесін әзірлеуді қамтиды.
      Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және электронды оқулықтарды жасау кезінде тек мазмұнын ой елегінен өткізуге ғана емес, оларды электронды техниканың қазіргі жетістіктері негізінде құрастырудың педагогикалық технологияларына, кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұнын сұрыптаудың педагогикалық қағидаттарын іске асыруға ерекше назар аударылуы тиіс.
      Эксперименттік оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін басып шығару:
      1) эксперименттік оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін басып шығаруды және таратуды;
      2) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оқу бағдарламаларын басып шығаруға дайындау тәртібін белгілеуді енгізеді.
      Эксперименттік оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды байқап сынау:
      1) конкурстық негізде әзірленген оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және электронды оқулықтарды байқап сынау, түзету;
      2) эксперименттік оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды оқу процесіне енгізу;
      3) кезең-кезеңімен және аралық сараптама жасауды қамтиды.
      Жалпы баспа жұмысы қызметі:
      1) баспалардан, баспаханалардан қолжазбалардың өтуін қадағалау;
      2) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді басып шығарудан тұрады.
 
        5. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
 
      Алдын-ала есептеулер бойынша 695160 мың теңге сомасында 828 оқулық пен 2395 оқу-әдістемелік кешен, 311 электронды оқулық дайындау міндеті алда тұр.
      Бағдарламаны қаржыландыру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
      Осы Бағдарламаны іске асыру үшін жыл сайынғы қажетті қаражат тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттегі белгілі бір бюджеттік бағдарлама бойынша көзделетін көлемдерге сәйкес белгіленеді және 2002- жылы - 138600 мың теңге, 2003 жылы - 178640 мың теңге, 2004 жылы - 185520 мың теңге, 2005 жылы - 192400 мың теңге құрайды.
      Ескерту. 5-бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.16. N 910
               қаулысымен. P020910_
 
                6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
 
      2002 жылы 198 эксперименттiк оқулық, 505 эксперименттiк оқу-әдiстемелiк кешен әзiрлеу;
      2003 жылы 6600 дана 220 эксперименттік оқулық, 19800 дана 660 оқу-әдістемелік кешен әзірлеу мен басып шығару және 220 эксперименттік оқулық пен 660 эксперименттік оқу-әдістемелік кешеніне сараптама жасау;
      2004 жылы 6300 дана 210 эксперименттік оқулық, 18900 дана 630 эксперименттік оқу-әдістемелік кешен әзірлеу мен басып шығару және 220 эксперименттік оқулық пен 660 эксперименттік оқу-әдістемелік кешенін енгізу;
      2005 жылы 6000 дана 200 эксперименттік оқулық, 18000 дана 600 эксперименттік оқу-әдістемелік кешен әзірлеу мен басып шығару және эксперименттік оқулықтарды жетілдіру және сапалы оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді енгізу;

 

     2004-2005 жылдары 311 электронды оқулық жасау және енгізу негізделген.

     Осы бағдарламаны қабылдау және іске асыру Қазақстан Республикасының

кәсіптік білім беру оқу орындарын жаңа отандық оқулықтармен,

оқу-әдістемелік кешендермен және электронды оқулықтармен қамтамасыз етуге

мүмкіндік береді.

     Ескерту. 6-бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.16. N 910           

              қаулысымен. 


P020910_



                 7. Қазақстан Республикасының

     бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары үшін арнайы пәндер

      бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындаудың және

  басып шығарудың бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары

________________________________________________________________________

Р/с !         Іс-шаралар          !  Жауапты     !Аяқтау нысаны !Орындалу

    !                             ! орындаушылар !              !мерзімі

________________________________________________________________________

1.   Бағдарламаны іске асыру        Білім және    Білім және   

     жөніндегі жұмыс тобын құру     ғылым         ғылым          2001

                                    министрлігі   министрлігінің

                                                  бұйрығы

________________________________________________________________________

2.   Бастауыш және орта кәсіптік    Білім және    Білім және   

     білім беру ұйымдары үшін ар.   ғылым         ғылым          2001

     найы пәндер бойынша оқулық.    министрлігі   министрлігінің

     тарды, оқу-әдістемелік кешен.                бұйрығы

     дерді және электронды оқулық.

     тарды жасау және шығару жөнін.

     дегі оқу-әдістемелік кеңес құру

________________________________________________________________________

3.   Оқулықтарды, оқу-әдістемелік    Қаржы        Бюджеттік      2001-2005

     кешендерді және электронды      министрлігі  бағдарлама

     оқулықтарды жасау және басып    Білім және

     шығару жөніндегі жұмыстарды     ғылым

     қаржыландыруды қамтамасыз ету   министрлігі

________________________________________________________________________

4.   Бастауыш және орта кәсіптік    Білім және    Білім және   

     білім беру ұйымдары үшін ар.   ғылым         ғылым          2001-2003

     найы пәндер бойынша оқу бағ.   министрлігі   министрлігінің

     дарламаларына, оқулық макет.                 бұйрығы

     теріне, оқу-әдістемелік кешен.

     деріне және электронды оқулық.

     тарға заңнамада белгіленген  

     тәртіппен конкурс өткізу

________________________________________________________________________

5.   Бастауыш және орта кәсіптік    Білім және    Білім және   

     білім беру ұйымдары үшін ар.   ғылым         ғылым          2001-2004

     найы пәндер бойынша оқулық.    министрлігі   министрлігінің

     тардың, оқу-әдістемелік кешен.               бұйрығы

     дер және электронды оқулық.

     тардың әзірлеуші-авторлық

     ұжымдарымен бірге семинарлар

     өткізу

________________________________________________________________________

6.   Бастауыш және орта кәсіптік    Білім және    Білім және   

     білім беру ұйымдары үшін ар.   ғылым         ғылым          2001-2005

     найы пәндер бойынша оқу        министрлігі   министрлігінің

     бағдарламаларын, оқулықтарды,                бұйрығы

     оқу-әдістемелік кешендерді

     және электронды оқулықтарды

     әзірлеу

________________________________________________________________________

7.   Бастауыш және орта кәсіптік    Білім және    Білім және   

     білім беру ұйымдары үшін ар.   ғылым         ғылым          2002-2005

     найы пәндер бойынша байқау     министрлігі   министрлігінің

     оқулықтарын, оқу-әдістемелік                 бұйрығы

     кешендерді және электронды

     оқулықтарды шығару және

     жоспарын дайындау

________________________________________________________________________

8.   Бастауыш және орта кәсіптік    Білім және    Білім және   

     білім беру ұйымдары үшін ар.   ғылым         ғылым          2003-2005

     найы пәндер бойынша оқулық.    министрлігі   министрлігінің

     тарды, оқу-әдістемелік                       бұйрығы

     кешендерді және электронды

     оқулықтарды сараптау, енгізу

     және жетілдіру

________________________________________________________________________

9.   Оқу бағдарламаларын, байқау    Білім және    Білім және   

     оқулықтарын, оқу-әдістемелік   ғылым         ғылым          2003-2005

     кешендерді және электронды     министрлігі   министрлігінің

     оқулықтарды жинақы тұратын                   бұйрығы

     этникалық топтар тілдеріне

     аудару

  ________________________________________________________________________

10.  Эксперименттер нәтижелерін     Білім және    Білім және   

     ескере отырып, тиісті өз.      ғылым         ғылым          2003-2005

     герістерді енгізіп, сапалы     министрлігі   министрлігінің

     оқулықтарды, оқу-әдістемелік                 бұйрығы

     кешендерді және электронды

     оқулықтарды басып шығару                    

     және көбейту жоспарын жасау

  ________________________________________________________________________

11.  Жаңа оқулықтармен, оқу-әдіс.   Білім және    Білім және   

     темелік кешендермен және       ғылым         ғылым          2003-2005

     электронды оқулықтармен        министрлігі   министрлігінің

     жұмыс істеу үшін педагогика.                 бұйрығы

     лық мамандарды даярлау және

     қайта даярлау бойынша жұмыстар

     жүргізу

  ________________________________________________________________________

12.  Бекітілген бағдарламаға сәй.   Білім және    Білім және   

     кес дайындалған жаңа оқулық.   ғылым         ғылым          тұрақты 

     тармен, оқу-әдістемелік ке.    министрлігі   министрлігінің

     шендермен және электронды      Облыстардың,  бұйрығы

     оқулықтармен оқу орындарын     Астана және   Облыстардың,

     уақытылы қамтамасыз ету        Алматы қала.  Астана және 

                                    ларының       Алматы қала.

                                    әкімдері      ларының

                                                  әкімдерінің

                                                  шешімдері

________________________________________________________________________




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.