Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 наурыздағы N 409 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 16 тамыз N 910

      "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамын одан әрі дамуға ынталандыру, материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін қажетті жағдайларды жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2002-2004 жылдар кезеңіне "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамының таза табысының 10 пайызын дивидендтерді төлеуге бағыттау туралы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі:
      1) "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамының иеленуінде қалатын таза табыстың бір бөлігін оның дамуына және материалдық-техникалық базасын жетілдіруге бағытталуын қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі