Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 наурыздағы N 372 Қаулысы

Жаңартылған

      Қайталама түсті және қара металдар рыногын реттеуді жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы  N 1037  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
      келесі жолдар:
 __________________________________________________________________
 "Коррозияға төзімді (тоттанбайтын) болаттың      !7204 21   !
 қалдықтары мен сынықтары                         !100       !
 __________________________________________________________________
 Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары        !7204,     !
 (қолдануда болған рельстер, темір жол төсемдері. !7302-ен*  !
 нің элементтері, дискілер, доңғалақ жұптары)     !          !    "
 __________________________________________________________________

      мынадай редакцияда жазылсын:
 __________________________________________________________________
 "Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары;      !7204      !
 қайта қорытуға арналған қара металдар
 құймалары (шихталық құймалар)
 __________________________________________________________________
 Темір жол немесе трамвай жолдарына               !7302-ен*  !
 пайдалануға арналған қара металдар бұйымдары:
 рельстер, рельстерді қосуға және бекітуге
 арналған қатырма рельстер және тісті рельстер,
 ауыстырғыш рельстер, нығарланып қиыстыратын
 шаңбақтар, ауыстырғыш аспалар және басқа да
 көлденең жалғағыштар, түйістіруші жапсырмалар
 және астарлар, сыналар, тірек тақталары, ілмекті
 рельс бұрандалары, көпшіктер және тартқылар,
 көтерме аяқтар, көлденең белдіктер және басқа да
 бөлшектер
 __________________________________________________________________
 Темір жол немесе трамвай локомотивтерінің       !8607*     !
 немесе жылжымалы құрамның бөліктері             !          !    ";
 __________________________________________________________________

      Мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "*Тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауларымен де айқындалады";

      2) "Қайталама қара және түсті металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы  N 383  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 148-құжат):
      2-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2) Лицензиардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен, Қаржы полициясы агенттігімен және аумақтық салық органдарымен өзара іс-қимыл тәртібін бекітсін."; 
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі "заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату" қызметі түрі бойынша электронды мониторингін жүргізуді, мониторинг бойынша ақпаратты ай сайын Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Қаржы полициясы агенттігіне бере және ұйымдар беретін есептемелерге олардың қол жеткізуін мүмкін ете отырып, қамтамасыз етсін."; 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялаудың ережесінде: 
      2-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3-тармақта "жеке" деген сөзден кейінгі "және" деген сөз "және/немесе" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "8. Түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункті - негізгі өндірістік базаның (бас ұйымның, филиалдың (өкілдіктің)) аумағында орналасқан ретте жеке және/немесе заңды тұлғалардан және одан тысқары орналасқан ретте тек жеке тұлғалардан түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын сатып алуға арналып, осы ережеге сәйкес ұйымдастырылған және жабдықталған өндіріс алаңы."; 
      11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "Негізгі өндірістік база заңды тұлғаның аумақтық тіркелген жері бойынша орналасуға тиіс. 
      Қабылдау пункттері тек Лицензиаттың негізгі өндірістік базасы (бас ұйымы, филиалы (өкілдігі)) орналасқан облыста немесе Астана және Алматы қалаларында ғана ашылуы мүмкін. Қабылдау пункттерінің орналасқан жері лицензияға қосымшада көрсетіліп, ол Лицензиардың мөрімен куәландырылады."; 
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "20. Лицензиат қызметтің осы түрімен айналысатын филиалдар (өкілдіктер) ашқан жағдайда Лицензиат филиалдардың (өкілдіктердің) осы Ереженің 21, 22-тармақтарымен айқындалған біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тапсырады. Лицензиардың оң шешімі қабылданған соң филиалдар (өкілдіктер) олардың орналасқан жерлері көрсетіле отырып, Лицензияға енгізіледі."; 
      21-тармақта: 
      1) тармақшаның бірінші абзацы, 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1) осы талаптарға сәйкес жабдықталған мамандандырылған өндірістік аумағы, меншік құқығында жабдығы (таразы шаруашылығы, көтергіш және көліктік машиналар мен тетіктер), ғимараты, құрылысы болуы тиіс. Жер телімі жалдау құқығында пайдаланылуы мүмкін. Аумақ қоршалған және күзетілетін болуы тиіс; 
      2) автокөлік үшін кірме жолдармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ қара металдар сынықтарымен жұмыс кезінде - кірме темір жолдармен қамтамасыз етілген аумағы; 
      жұмыс істейтін қызметкерлерді орналастыруға арналған санитарлық және өрт нормалары талаптарына жауап беретін қызметтік үй-жайы; 
      Қазақстан Республикасының Мемкентехқадағалау қызметтерінің немесе Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің тиісті рұқсаты бар көтергіш тетіктері, тиегіштері немесе кран шаруашылығы (автомобильдік, арқалық, жүретін крандар); 
      3) таразы шаруашылығы (тұғырды, автомобильдік немесе темір жол таразылары);"; 
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: 
      "12) электронды мониторинг желісіне қосуға және оны бас ұйым үшін жүргізуге арналған компьютер техникасы және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілген болуы тиіс."; 
      23-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Лицензиат тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, Лицензиар және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі (бұдан әрі - ҚР МКМ) бекіткен нысандар бойынша, электронды мониторинг жүргізу үшін ҚР МКМ-ге есеп береді."; 
      25-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Лицензиат түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын экспортқа тиеуді тек Лицензияда көрсетілген негізгі өндірістік базаның немесе филиалдардың (өкілдіктердің) аумағынан ғана жүзеге асыруға міндетті. Қайталама түсті қорытпаларды ерекше жағдайларда: "металлургиялық бөліністі қоса алғанда" деген жазуы бар Лицензия негізінде тең жүзеге асырылсын"; 
      көрсетілген қаулыға N 2 қосымшада "Лицензиялық талаптар" бөлімінде: 
      бірінші абзац "хабарлай" деген сөзден кейін "және лицензияға қосымша ала" деген сөздермен толықтырылсын; 
      жетінші абзац "кемінде 200 шарты метр" деген сөздерден кейін ", бірақ 500 шаршы метрден көп емес" деген сөздермен толықтырылсын; 
      Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялаудың ережесіне қосымшада: 
      1-тармақта "Жеке" деген сөздің алдынан мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "Лицензиат жеке адамдардың тек тұрмыстық мақсаттағы немесе осы жеке адамға меншік құқығында тиесілі түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын ғана қабылдай алады."; 
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3. Жеке адамдардың электротехникалық, өнеркәсіптік, әскери және зымырандық-ғарыштық тектегі сынықтардан, байланысты желілері кабельдерінен, сондай-ақ қолдануда болған рельстерден, темір жол төсеніштері және жылжымалы құрам бөліктерінен басқа түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын өткізуге құқығы бары."; 
      4-тармақ "министрліктердің" деген сөзден кейін ", облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ алынып тасталсын.

      3)  күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.08.14.  N 765  қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі сыртқы экономикалық қызметті реттеу жөнінде қазақстан тарабы қолданып жатқан шаралар туралы Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Интеграциялық комитетін белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

      3. Осы қаулының жарияланған күнінен бастап екі айдан кейін күшіне енетін 1-тармағы 2-тармақшасының 15-23-абзацтарынан, сондай-ақ осы қаулының жарияланған күнінен бастап 30 күннен кейін күшіне енетін 1-тармағының 3) тармақшасынан басқа, осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі