Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1304 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 17 ақпан N 252

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1304 P991304_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 404-құжат) мынадай өзгерістер мен

толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға 
теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіндегі:
     1) "1. Педагог қызметкерлердің лауазымы" бөлімінде:
     бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері";
     төртінші абзац "мектеп" деген сөзден кейін ", мектеп-интернат" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі";
     оныншы абзац "жетекшісі" деген сөзден кейін ", 
оқытушы-ұйымдастырушысы" деген сөздермен толықтырылсын;
     он бірінші абзац "ғылыми жұмыстар" деген сөздерден кейін "және 
халықаралық байланыс, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     он үшінші абзац:
     "директордың" деген сөзден кейін "(бастықтың)" деген сөзбен 
толықтырылсын;
     "оқу-тәрбие" деген сөздерден кейін ", тәрбие" деген сөзбен 
толықтырылсын;
     2) "2. Педагог қызметкерлерге теңестірілген адамдардың лауазымы" 
бөлімінде:
     бесінші абзац "факультеттің деканы" деген сөздерден кейін ", 
институттың директоры" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     



Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А