Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1304 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 Қаулысымен

      "Әуе кемелерін сатып алу жобасын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы N 612 қаулысын одан әрі іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 339-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының, "Boeing Aircraft Holding Сомраnу", "Boeing Netherlands Leasing В.V." компанияларының 36 000 000 (отыз алты миллион) АҚШ доллары сомасына 1999 жылғы 28 мамырда берілген N 0000036 кепілдік (бұдан әрі - Кепілдік) бойынша талап ету құқығының "Boeing Netherlands Leasing В.V." компаниясына ауысуы туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

 

     бұрын берілген Кепілдікті растасын;

     "Boeing Netherlands Leasing В.V." компаниясын оған Кепілдік бойынша

талап ету құқықтарының ауысқаны туралы құлақтандырсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.