"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың уақытылы төленуін қамтамасыз етсін.
3. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 161 қаулысымен
бекiтiлген
Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң ережесi
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi - жәрдемақы) - әлеуметтiк көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан берiлетiн ақшалай төлем;
2) республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдары;
3) арнаулы комиссиялар - 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр кезеңiнде кемiнде 6 ай жұмыс iстеген адамдардың жұмыс стажын белгiлеу үшін тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар;
4) жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган - жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым ("Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орган" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны);
5) жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган - заңнамада белгiленген тәртiппен таңдап алынған банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.
V001333_
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.20.
N 36
қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Заңның 4-бабында көрсетілген негiздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға жәрдемақы төлеу республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.20.
N 36
қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Жәрдемақы 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған жәрдемақы алушыларға жәрдемақыны қайта тағайындау Заңда көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiледi.
4. Жәрдемақы ай сайын өткен ай үшiн және оны алуға құқығы туындаған сәттен бастап жәрдемақы тағайындалған шарттардың сақталуы кезеңiне, Заңда белгiленген мөлшерде төленедi.
2. Жәрдемақыны республикалық бюджеттен
тағайындаудың тәртiбi
5. Заңның 4-бабында көрсетілген негiздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар жәрдемақы тағайындату үшiн тұрғылықты жерiндегi жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады;
1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар;
4) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлiк;
5) тұрақты тұратын жерiн растайтын, тұрғындарды есепке алу кітабы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.20.
N 36
қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi үшiн - Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегiнiң куәлiгi;
2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежедегi Даңқ орденiнiң, үш дәрежедегi Еңбек Даңқы орденiнiң иегерлерi үшiн - награданың куәлiгi;
3) жеңiлдіктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар (2, 3, 4-қосымшалар) үшiн:
қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн еңбек өткерген жылдарына есептелетiн қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247
Жарлығына
(бұдан әрi - Жарлық) сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, не тиiстi кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгіленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына есептелетiн қалаларда болған адамдар үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар үшiн - белгіленген үлгiдегі куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құралымдар құрамында қатысқан адамдар үшiн - белгіленген үлгідегi куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiк;
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшілiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшілер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел iс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi - белгіленген үлгiдегi куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiкке құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған адамдар үшiн - "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiне қоса берiлетiн немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiкке құқығы туралы бар зейнеткерлiк куәлiгi;
екiншi дүниежүзілiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақдастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары үшiн - жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігі не екiншi дүниежүзілiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтама немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiметтiк органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшілерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi істер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргiзiлген кезеңде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүргiзiлген кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер үшін - белгіленген үлгiдегi куәлiк, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билет, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат және жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiк;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар үшiн - Чернобыль АЭС-iндегi аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнен азаматтық немесе әскери тағайындау объектілерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтама;
4) жеңілдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрілген адамдар үшiн:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзілген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер үшiн - әскери қызметшілер қатарындағы мүгедек екендiгi туралы куәлiгi (Кеңес Армиясы мүгедегiнiң жеңілдiктерге құқығы туралы), жараланғаны, мүгедектiгi туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактiсiн растайтын анықтама немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзілген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының Iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы туралы анықтама, Iшкi iстер органдарының, Ұлттық Қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi анықтамасы немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин КСР-i, Беларусь КСР-i, Литва КСР-i, Латвия КСР-i, Эстон КСР-i аумақтарында iс-қимыл жасаған халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлермен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар үшiн - белгiленген үлгідегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектiгi туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактiсiн растайтын анықтама немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
басқа елдерде iс-қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектiгi туралы анықтама, тиiстi санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедек болуын растайтын құжат немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiмен мүгедектiгi тектiк байланыстағы олардың балалары үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектiгі жөнiндегi халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің анықтамасы немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептiк байланысын анықтау жөнiндегi орталық ведомствоаралық кеңестiң қорытындысы; <*>
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары мен қайтадан некеге отырмаған жесiрлерi үшiн - әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң қайтыс болғандығы немесе қаза тапқаны туралы анықтама, әскери қызметшiге туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiгi, балалардың туу туралы куәлiгi);
6) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң қайтадан некеге отырмаған әйелi (күйеуi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелi (күйеуi) үшiн - неке туралы куәлiгi, зайыбының қайтыс болғандығы туралы куәлiк, жұбайының (зайыбының) мүгедектiгiн растайтын құжат болып табылады;
7) қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн, атап айтқанда:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде алған жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлігі);
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары, қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) адамның балалары, асырауындағылар үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, қызмет мiндеттерiн атқару кезінде қаза тапқан фактiсiн растайтын iшкi iстер органдарынан алынған анықтама немесе құжат;
ата-аналары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама және қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (балалардың туу туралы куәлiгi);
қайтадан некеге отырмаған әйелi (күйеуi) үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнің қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк);
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы куәлiк, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қайтыс болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ, өлiмi Чернобыль AЭC-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары үшiн - сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған адамның немесе қайтыс болған мүгедектің, сондай-ақ өлiмi Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуiне белгіленген тәртiппен байланысты болған азаматтың өлiмі туралы куәлік, өлiмнің радиациялық әсер ету салдарынан болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлігі);
8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар үшiн (5-қосымша) - белгiленген үлгідегі куәлiк немесе марапаттау куәлігі немесе мұрағат анықтамасы немесе марапатталу фактiсi туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы;
9) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметі үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшiн - еңбек кiтапшасы немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтері бар өзге де құжаттар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтері бар әскери билет немесе анықтама;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттарға:
жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәліметтері бар құжаттар;
бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелер;
коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерінің мүшелік билеттерi немесе есеп карточкалары;
қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөнiндегi, зейнетақы тағайындау жөнiндегі комиссиялардың шешiмдерi;
сот шешiмдерi;
арнайы комиссиялардың шешiмдері;
1998 жылға дейiн берiлген жеңiлдіктер алуға құқық туралы куәлік жатады;
10) 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-iндегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күніне құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз еркімен кеткен) Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар үшін - Чернобыль АЭС-iндегi аварияны жоюға қатысушының куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-iндегі аварияны жоюға қатысу фактiсiн растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлiгі;
11) I, II және III топтағы мүгедектер, оның iшiнде 16-дан 18 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасы;
12) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (белгіленген үлгiдегi) анықтамасы;
13) "Алтын алқа", "Күмiс алқа" белгiлерiмен, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерiмен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған көп балалы аналар үшiн - марапатталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжаттар;
14) бiрге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар үшiн (оның iшiнде жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын балалары үшiн - кәмелетке толғаннан кейiн - олар оқу орындарын бiтiретiн уақытқа дейiн) - балалардың туу туралы куәлiктерi мен отбасының құрамы туралы анықтамалар, балалардың оқып жүрген фактiсi туралы оқу орнының анықтамасы;
15) саяси қуғын-сүргiн құрбандары, мүгедектiгi бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгілеу туралы (белгіленген үлгiдегi) анықтамалары, зейнеткерлік куәлiктерi, ақталған азаматтың куәлiктерi немесе прокуратура органдарынан немесе iшкi iстер немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарынан алынған ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешiмi;
16) Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған адамдар үшiн - дербес зейнеткер куәлiгi немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы белгiлеу жөнiндегi комиссияның Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындау туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме.
ЕСКЕРТУ. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы
N 703
қаулысымен,
толықтырылды - 2005.01.20.
N 36
қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
7. Жәрдемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқасында және көшiрмесiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлімшелеріне ұсынылады. Салыстырылып болғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш иесiне қайтарылады. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлетті органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады, істердi түзедi және жәрдемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлейдi.
8. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi 5 күн мерзiмде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдары арқылы жәрдемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмнiң жобасын республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға жiбередi.
9. Республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган құжаттар мен шешiмдердiң жобалары жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдарынан келiп түскеннен кейiн 5 күн мерзiмде жәрдемақы тағайындау туралы немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және осы шешiмді жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдары арқылы жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
Жәрдемақы тағайындау туралы не оны төлеуден бас тарту туралы шешiмге республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы (оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган бас тартудың себептерi туралы жазбаша дәлелдеп көрсетедi және құжаттарды жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi арқылы өтiнiш иесiне беру үшiн қайтарады.
10. Жәрдемақы тағайындалуы үшiн негiз жойылған жағдайда жәрдемақы алушылар бұл туралы 10 күн iшiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне хабарлауға мiндеттi.
Мүгедектiк тобы өзгерген кезде жәрдемақы мөлшерiн қайта қарау жүргiзiледi, ол үшiн жәрдемақы төлеу жөніндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi тиiстi шешiмнiң жобасын республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
Жәрдемақы оны алу құқығы туындағаннан кейiн жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады. Барлық құжаттарымен бiрге өтiнiш берiлген күн өтiнiш жасаған күн болып саналады.
Жоғарыда көрсетiлген адамдар жәрдемақы тағайындау үшін қажеттi стажы туралы толық емес мәлiметтер ұсынған жағдайда, жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым бес күн мерзiмде құжаттарды арнаулы комиссиялардың қарауына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жiбередi.
Арнаулы комиссиялар ұсынылған материалдарды 4-тарауға сәйкес қарайды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.20.
N 36
қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Жәрдемақыны республикалық бюджеттен
төлеудiң тәртiбi
Ескерту. 11-16-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.01.20. N 36 қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
11. Жәрдемақы төлеудi жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органдар арқылы жүзеге асырады.
12. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар бекiткен шешiмдердiң негізiнде жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттiлiгi өтiнiмiн жасайды және ағымдағы айдың 25-күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне (бұдан әрi - Министрлiк) ұсынады.
13. Министрлiк республика бойынша жиынтық өтiнiмдi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгіне жiбередi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Министрлiкке жәрдемақы төлеуге қаражат бөледi.
Министрлiк ағымдағы қаржы жылына арналған шарттың негізiнде бұл қаражатты жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына аударады. Қаражатты аудару Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген, төлемдердiң бекiтiлген күн сайынғы кестесiне сәйкес жүргiзiледi.
14. Бөлiнген қаражат бойынша Министрлiк пен жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган арасында ай сайын салыстыру актiсi жасалады.
15. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегі кестенi жасайды.
Жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкілеттi орган алынған қаражатты үш банктiк күн iшiнде төлем тапсырмаларымен қызмет көрсетуге шарт жасалған жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен аударады.
16. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi орган арасында төленген сомалар бойынша салыстыру актiлерi жасалады.
Жәрдемақы беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкiлеттi орган мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
Жәрдемақы алуға құқығы бар адам қайтыс болғаннан кейiн жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi орган алған, қайтыс болған адамның шотына аударылмаған жәрдемақы сомасы оның аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң хаты (өкiмi) негiзiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға қайтарылады.
17. <*>
Ескерту. 17-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.01.20.
N 36
қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Арнаулы комиссиялар
Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.01.20. N 36 қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
18. Бар жұмыс стажы туралы құжаттар болмаған немесе толық ұсынылмаған кезде, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы жұмыс стажын арнаулы комиссиялар белгілей алады.
19. Арнаулы комиссиялар:
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы еңбек стажын растау үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұны мен тиiсiнше ресiмделуiн құқықтық бағалауды;
жұмыс стажын куәгерлер айғақтамалары бойынша белгiлеуді (куәгерлерге сұрақтар қоюды);
өтiнiш берушінің жұмыс стажын белгілеу үшiн қажеттi құжаттарды сұратуды;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алған кезеңдегi жұмыс стажын белгiлеу (немесе белгiлеуден бас тарту) туралы шешiмдер шығаруды;
жұмыс стажын белгiлеу туралы құжаттарды қараудың барысы туралы өтiнiш берушілерге жазбаша хабарлауды жүзеге асырады.
20. Арнаулы комиссия жергілiктi өкiлдi органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, Ардагерлер кеңестерінің, қоғамдық бiрлестiктердiң, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар уәкілеттi органдарының, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен, әскери комиссариаттар қызметкерлерiнен тұрады.
21. Жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйымнан қарауға келiп түскен құжаттар 8-қосымшаға сәйкес журналда тiркеледi.
22. Комиссия келiп түскен құжаттарды он күн iшiнде қарайды және жетiспейтiн құжаттарды тиiстi ұйымдардан (кәсiпорындардан) сұрату немесе куәгерлерге сұрақ қою туралы шешiм қабылдайды.
23. Өтiнiш иесiмен 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда бiрге жұмыс iстеу фактiсiн растай алатын куәгерлер болса, 9-қосымшаға сәйкес куәгерлерге сұрақ қою хаттамасы жасалады.
24. Қажеттi құжаттарды жинау, куәгерлерге сұрақ қою қорытындылары бойынша комиссия еңбек стажын белгiлеу туралы 10-қосымшаға сәйкес шешiм шығарады. Қабылданған шешiмдi үш күн мерзiмде жәрдемақы төлеудi, жүзеге асыратын ұйымға жiбередi
5 тарау. (Алып тасталды - 2005.01.20. N 36 қаулысымен.)
1-қосымша
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
аумақтық органының
бастығы _____________________
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.20. N 36 қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Өтініш
___________________________________________________________________
(түрі, санаты көрсетіледі) ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраймын.
Тегі
___________________________________________________________________
Аты
___________________________________________________________________
Әкесінің аты
___________________________________________________________
Туған күні _______ _____________ ______________ ж.
Мекен-жайы _______________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі
_________________________________
(құжаттың түрін көрсетеді)
Сериясы _______________ Нөмірі _______________ кім берді
_______________
ӘЖК
жеке
шотының
нөмірі
___________________________________________________________________
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты, жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы, зейнетақы аламын
___________________________________________________________________
(тиістісін сызады)
арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба
___________________________________________________________________
(иә, жоқ; бар болса, қандай негіз бойынша екені көрсетіледі)
Жәрдемақы алуға арналған негіз жойылған жағдайда, 10-күндік мерзімде жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге міндеттенемін
Күні _________________________
Қолы _________________________
Өтініш қабылданды _______ __________ ___________________
Қолы ____________________
2-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының
қатысуымен ұрыс іс-қимылдары жүрген қалалар
мен жүргізілген кезеңдердің
ТІЗБЕСІ
Одесса қаласын қорғау: 1941 жылғы 10 тамыздан 16 қазанға дейін;
Ленинград қаласын қорғау: 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 қаңтарға дейін;
Севастополь қаласын қорғау: 1941 жылғы 5 қарашадан 1942 жылғы 4 шілдеде дейін;
Сталинград қаласын қорғау: 1942 жылғы 12 шілдеден 19 қарашаға дейін.
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
азаматтарының қатысуымен басқа мемлекеттер аумағында
жүргiзiлген ұрыс iс-қимылдары кезеңдерiнiң
ТIЗБЕСI
Алжирдегi ұрыс іс-қимылдары: 1962-1964 жылдар;
Мысырдағы (Бiрiккен Араб Республикасы) ұрыс іс-қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы маусым 1968 жыл; 1969 жылғы наурыздан 1972 жылғы шiлдеге дейiн; 1973 жылғы қазаннан 1974 жылғы наурызға дейiн; 1974 жылғы маусымнан 1975 жылғы ақпанға дейiн (Суэц арнасын минадан тазартуға қатысқан Қара теңiз және Тынық мұхиты флоттары тралшыларының жеке құрамы үшiн).
Йемен Араб Республикасындағы ұрыс iс-қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы қарашадан 1969 жылғы желтоқсанға дейiн.
Вьетнамдағы ұрыс iс-қимылдары: 1961 жылғы қаңтардан 1974 жылғы желтоқсанға дейiн.
Сириядағы ұрыс іс-қимылдары: 1967 жылғы маусым; 1970 жылғы
наурыз-шiлде 1972 жылғы қыркүйек-қараша 1973 жылғы қазан;
Анголадағы ұрыс iс-қимылдары: 1975 жылғы қарашадан 1979 жылғы қарашаға дейiн.
Мозамбиктегі ұрыс iс-қимылдары: 1967-1969 жылдар, 1975 жылғы қарашадан 1979 жылғы қарашаға дейiн.
Эфиопиядағы ұрыс іс-қимылдары: 1977 жылғы желтоқсаннан 1979 жылғы қарашаға дейiн.
Ауғанстандағы ұрыс iс-қимылдары: 1978 жылғы сәуiрден 1989 жылғы 15 ақпанға дейiн.
Камбоджадағы ұрыс iс-қимылдары: 1970 жылғы сәуiр-желтоқсан.
Бангладештегi ұрыс іс-қимылдары: 1972-1973 жылдар (КСРО Әскери-Теңiз Флоты корабльдерi мен көмекшi кемелерiнiң жеке құрамы үшiн).
Лаостағы ұрыс iс-қимылдары: 1960 жылғы қаңтардан 1963 жылғы желтоқсанға дейiн 1964 жылғы тамыздан 1968 жылғы қарашаға дейiн; 1969 жылғы қарашадан 1970 жылғы желтоқсанға дейiн.
Сирия мен Ливандағы ұрыс іс-қимылдары: 1982 жылғы маусым.
4-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен
ұрыс iс-қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және
жүргiзiлген кезеңдер
ТIЗБЕСІ
Азаматтық соғыс: 1918 жылғы 23 ақпаннан 1922 жылғы қазанға дейiн.
Кеңес-поляк соғысы: 1920 жылғы наурыз-қазан.
Испаниядағы ұрыс iс-қимылдары: 1936-1939 жылдар.
Финляндиямен соғыс: 1939 жылғы 30 қарашадан 1940 жылғы 13 наурызға дейiн.
Ұлы Отан соғысы: 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 (11) мамырға дейiн.
Жапониямен соғыс: 1945 жылғы 9 тамыздан 1945 жылғы 3 қыркүйекке дейiн.
Басмашыларды жою жөнiндегi ұрыс операциялары:
1922 жылғы қазаннан 1931 жылғы маусымға дейiн.
Хасан көлi ауданындағы ұрыс іс-қимылдары: 1938 жылғы 29 шiлдеден 11 тамызға дейiн.
Халкин-Гол өзенiндегi ұрыс iс-қимылдары: 1939 жылғы 11 мамырдан 16 қыркүйекке дейiн.
КСРО, Батыс Украина және Батыс Белоруссия қосылған кездегi ұрыс іс-қимылдары: 1939 жылғы 17-28 қыркүйек.
Қытайдағы ұрыс iс-қимылдары: 1924 жылғы тамыз 1927 жылғы шiлде; 1929 жылғы қазан-қараша; 1937 жылғы шiлде 1944 жылғы қыркүйек; 1945 жылғы шiлде-қыркүйек; 1946 жылғы наурыз - 1949 жылғы сәуiр; 1950 жылғы наурыз-мамыр (ӘШҚ әскерлерiнiң жеке құрамы үшiн), 1950 жылғы маусым 1953 жылғы шiлде (Солтүстiк Кореядағы ұрыс іс-қимылдары Қытай аумағынан қатысқан әскери бөлiмшелердiң жеке құрамы үшiн).
Венгриядағы ұрыс iс-қимылдары: 1956 жыл.
Даман аралындағы ұрыс iс-қимылдары: 1969 жылғы наурыз.
Жалаңашкөл ауданындағы ұрыс iс-қимылдары: 1969 жылғы тамыз.
5-қосымша
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі
мен қалтқысыз әскери қызметі үшін берілетін наградаларға
жатқызылған бұрынғы КСРО медальдарының
ТІЗБЕСІ
"Ерлігі үшін" Ушаков медалі
"Жауынгерлік еңбегі үшін" Нахимов медалі
"Ерен еңбегі үшін"
"Үздік еңбегі үшін"
"Ленинградты қорғағаны үшін"
"Москваны қорғағаны үшін"
"Одессаны қорғағаны үшін"
"Севастопольді қорғағаны үшін"
"Сталинградты қорғағаны үшін"
"Киевті қорғағаны үшін"
"Кавказды қорғағаны үшін"
"Советтік Запольярені қорғағаны үшін"
"Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін"
"Жапонияны жеңгені үшін"
"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін"
6-қосымша
(Алып тасталды - 2005.01.20. N 36 қаулысымен.)
Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесiне 7-қосымша
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.01.20. N 36 қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Арнаулы комиссияның қарауына
жiберiлетін құжаттардың тiзiмi:
M.O.
Тапсырған:
ЗТМО ______________________ аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң бастығы
Күні
Қабылдаған:
Комиссия хатшысы:
Күні
Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесiне 8-қосымша
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.01.20. N 36 қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Тіркеу журналы
Р/с
|
Құжат-
|
Өтініш беру-
|
Мекен-жайы, теле-
|
Түскен құжат-
|
Құжат-
|
Комис-
|
Құжаттар-
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесiне 9-қосымша
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.01.20. N 36 қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Куәгерлерге сұрақ қою хаттамасы
N___________ Күнi__________
_______________________________________________ арнаулы комиссиясы
жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органының
1. Өтiнiш берушiнiң хабары_________________________________________
(Т.А.Ә., мекен-жайы, туған күнi, жеке куәлігінiң нөмiрi)
Мен, өтiнiш берушi, куәгерлерге сұрақ қоюыңызды өтiнемiн:
___________________________________________________________________
(Куәгерлердiң Т.А.Ә., тұрғылықты мекен-жайы)
_______________________________________________________хабарлаймын.
2. Куәгерге сұрақ қою:_____________________________________________
(Т.А.Ә., мекен-жайы, туған күнi, жеке
куәлігінiң нөмiрi)
Өтiнiш берушiмен бiрлескен жұмысын растау үшiн ұсынылған құжаттар
___________________________________________________________________
Мен, куәгер,
___________________________________________________________________
көрсетемiн.
Өтiнiш берушiнiң қолы
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi
3. Куәгерге сұрақ қою:____________________________________________
(Т.А.Ә., мекен-жайы, туған күнi, жеке
куәлiгiнiң нөмiрi)
Өтiнiш берушiмен бiрлескен жұмысын растау үшiн ұсынылған құжаттар
___________________________________________________________________
Мен, куәгер,
___________________________________________________________________
көрсетемiн.
Өтiнiш берушiнiң қолы
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi
Мөрдiң орны
Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесiне 7-қосымша
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.01.20. N 36 қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
күні________, N__________хаттамаға
(жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар органының) шешiмi
Шешiм:
Азамат____________________________________________________________
1.___________ (күнi) бастап_______________(күнi) дейiн
стаж белгiлендi деп есептелсiн
____________жыл есепке алынсын
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi
Мөрдiң орны
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2000 жылғы 31 қаңтардағы
N 161 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
тiзбесi
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiк беру мен министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және заңды тұлғаларға оған байланысты шығындарды өтеудiң тәртiбiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 527
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 18, 155-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 1365
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 45, 438-құжат).
3. "Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру кезiнде отын босату нормалары, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн және байланыс қызметтерiн тұтыну туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 19 тамыздағы
N 1266
қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 38, 362-құжат).