1. "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 P000738_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 261-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы нұсқаулықта:
3-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Жоғары, орта және бастауыш кәсіптік оқу орындарының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы студенттері мен оқушылары, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан кәсіптік мектептер (лицейлер)
оқушылары оқу процесі кезеңінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жетім балаларға арналған күндізгі тағам мөлшері құнының 40 пайызы есебімен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.