Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 қаңтар N 138. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.04.09. N 482 қаулысымен. ~P010482

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Кейбір акционерлік қоғамдардың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 P990308_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 92-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

     1-тармақтың 6) тармақшасында:

     "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының Директорлар

кеңесінің құрамына:

     Ерболат Асқарбекұлы Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы

вице-министрі, төрағасы;

     Александр Иванович Андрющенко - Қазақстан Республикасының Экономика

және сауда вице-министрі енгізілсін;

     көрсетілген құрамнан Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов, Серік Ахметжанұлы

Аханов шығарылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:


     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.