Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті лицензиялау мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 136 қаулысы. Күші жойылды - Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiлiп отырған Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.03. N  318 қаулысымен. 
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
     көрсетілген қаулымен бекiтiлген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
     реттiк нөмiрi 10-жолдағы 3-баған "жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы          
Yкiметiнiң              
2001 жылғы 25 қаңтардағы         
N 136 қаулысымен бекiтiлген        

                Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату,
         монтаждау, жөндеу және пайдалану жөнiндегi қызметтi
                 жүзеге асыруға лицензиялар беру
                             ЕРЕЖЕСI

       Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.03. N  318 қаулысымен.