"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.03. N
318
қаулысымен.
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 10-жолдағы 3-баған "жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату,
монтаждау, жөндеу және пайдалану жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыруға лицензиялар беру
ЕРЕЖЕСI
Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.03. N 318 қаулысымен.