Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қаңтар N 92

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2028-124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1999-2005 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясына сәйкес және Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару жүйесінің қызметін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң

материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                          2001 жылғы 22 қаңтардағы
                                         N 92 қаулысымен бекітілген     
     
               Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң
               материалдық-техникалық базасын жақсартудың
                      2001-2005 жылдарға арналған
                            БАҒДАРЛАМАСЫ
     
     1. Паспорт

     Бағдарламаның атауы және оны iске асыру мерзiмi:



      "Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы".

      Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi:

      Қылмыстық-атқару заңнамасының ережелерiн одан әрi іске асыру үшiн жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсарту.
      Жаңа құрылыстар салу және жұмыс iстеп тұрған түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларын қайта жаңарту, сондай-ақ оларды күзеттiң қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық құралдарымен жабдықтау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту.

      2. Кiрiспе

      Ұсынылып отырған Бағдарлама Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2028-124 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 1999-2005 жылдарға арналған ұлттық қауiпсiздiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 4.3.5.2-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      Бағдарламаны әзiрлеу сотталғандарды және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдарды ұстаудың жағдайларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасымен сәйкестендiру, жаңа құрылыстар салу және қолда бар түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттiлiгiнен туындап отыр, сондай-ақ мұның алдындағы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 1 қазандағы қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң және алдын-ала қамауға алу орындарының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" P961199_ Yкiмет бағдарламасы негізiнен орындалды және оның қолданылу мерзiмi өтiп кеттi.

      3. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесiнiң
         қазiргi жағдайын талдау

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының Iшкіісминi) қылмыстық-атқару жүйесi республика iшкi iстер органдары жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және қылмыстық жазаны атқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдарды күзет қамауында ұстауды қамтамасыз ететiн ұйымдардың, мекемелердiң және құрылымдық бөлiмшелердiң жиынтығын құрайды.
      Бүгiнгi күнi республикадағы қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрамына 91 бөлiмше кiредi, оның iшiнде: 21 жалпы, 15 қатаң және 3 айрықша қатаң режимдегі түзеу колониясы, 23 колония-қоныстары, кәмелетке толмағандарға арналған 3 тәрбие колониясы, 1 түрме, 8 арнайы емдеу мекемесi және оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушылар күзет қамауында ұсталатын 17 тергеу изоляторы бар.

     Барлық аталған мекемеде 85 мың 744 адам ұсталуда. Оның iшiнде: жалпы 
режимдегi колонияларда - 33 556 адам, қатаң режимдегi колонияларда - 
18 730; айрықша қатаң режимдегі колонияларда - 2 001; колония-қоныстарда - 
4 839; түрмелерде - 292; 3 268 - әйелдер; 1 128 - кәмелетке толмағандар; 
тергеу изоляторларында - 17 141 сезiктiлер мен айыпталушылар жазаларын 
өтеуде. Бұл ретте, сотталғандардың және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен 
айыпталушы адамдардың саны мынадай:
                                                               1-кесте

                 әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша
           түзеу мекемелерiндегі сотталғандар санының динамикасы
    
---------------------------------------------------------------------------
 Жылы     !  1995   !  1996  !  1997  !  1998  !  1999  !  2000  ! 2001
          !         !        !        !        !        !        ! Болжам
---------------------------------------------------------------------------
Саны        65 165    73 687   65 329   67 906   61 924   58 961   70 800
---------------------------------------------------------------------------
     
     1997 және 2000 жылдарғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сотталғандар 
санының азаюы сотталғандардың кейбiр санаттарына рақымшылық жасауды 
қолдануға, ал 1999 жылдың 1 қаңтарындағы дейiнгi жағдай Қазақстан 
Республикасының жаңа Қылмыстық кодексiнiң енгiзiлуiне сәйкес үкiмдердiң 
қайта қаралуына байланысты болып отыр.
     
                                                               2-кесте

             2000 жылдың iшiнде әр ай бойынша сотталғандардың саны
     
---------------------------------------------------------------------------
      ! I  ! II !III ! IV ! V  ! VI ! VII!VIII! IX ! X  ! XI !XII
-------------------------------------------------------------------------- 
      !    !    !    !    !    !    !    !    !    !    ! Болжам 
---------------------------------------------------------------------------
Саны     58   59   60   60   62   63   64   66   67   68   69   70
        961  559  337  995  995  392  919  150  200  603  600  800
---------------------------------------------------------------------------

     Жоғарыда келтiрiлген деректер сотталғандар санының орташа есеппен ай 
сайын 1000 адамға өсiп отырғандығын айғақтайды, бұл сотталғандар санының 
2001 жылдың 1 қаңтарында 12 мың адамға өсетiндiгi және сондай-ақ кейiнгі 
5 жылда да өсе беретiндiгi туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.
     
                                                               3-кесте

            2001-2005 жж. кезеңiнде сотталғандар санының өсу болжамы
     
---------------------------------------------------------------------------
Жылы       ! 2001    !  2002   !  2003   !  2004    !  2005 
-------------------------------------------------------------------------- 
Саны       ! 70 800     82 800    94 800    106 800    118 800
-------------------------------------------------------------------------- 



      Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар тұтқындалғанға немесе сотталғанға дейiн тұрған облыс аумағындағы түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеулерi тиiс. Бiрақ та қолда бар мекемелердiң әр қилы орналасуы бұл талаптың орындалуын қамтамасыз ете алмай отыр. Қызылорда облысында жалпы режимдегi колониялар, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қатаң режимдегi колониялар жоқ, соның нәтижесiнде осы облыстардағы қатаң режимдегі түзеу колонияларында жазаларын өтеуге сотталғандар республиканың басқа аймақтарындағы қатаң режимдегi колонияларда жазаларын өтеуде.
      Қолда бар айрықша қатаң режимдегi үш түзеу колониясы Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарында орналасқан, осыған байланысты республиканың барлық аймақтарындағы сотталғандар жоғарыда аталған облыстардағы түзеу колонияларына жiберiлуде.
      Әйелдер мен кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған колониялар жеткiлiксiз. Республиканың барлық облыстарындағы сотталған әйелдер Алматы және Қарағанды облыстарындағы екi түзеу колониясында, ал кәмелетке толмағандар Ақтөбе, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы үш тәрбие колониясында жазаларын өтеуде.
      Мұндай жағдай республикадағы тергеу изоляторларында да қалыптасқан. Олардың көбi санитарлық және техникалық талаптарға жауап бермейтiн ескi ғимараттарға орналасқан. Олардың қатарына 18-19 ғасырларда салынған, қазiргi кезде апаттық жағдайда тұрған Алматы, Қарағанды, Семей, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы тергеу изоляторы жатады. Маңғыстау облысында тергеу изоляторы мүлде жоқ, саны 400 адам болатын сезiктiлер мен айыпталушылар Атырау қаласындағы тергеу изоляторында ұсталуда. Астана және

Алматы қалаларындағы тергеу изоляторлары шектен тыс толған, санының лимит 
шегiнен шығуы тиiсiнше 22 және 132% құрайды. Республиканың тергеу 
изоляторларында ұсталатын арнайы контингент саны ай сайын 700-800 адамға 
өсiп отыр. Осылайша, ондағы арнайы контингенттiң саны 2001 жылдың 1 
қаңтарында шамамен 18 300 адамды құрайтын болады.

                                                               4-кесте
     
              тергеу изоляторларын жоспарлы және нақты толтыру
     
---------------------------------------------------------------------------
  Тергеу изоляторлары        ! Пайдалануға  ! Орын    ! Нақты        
   (бұдан әрі - ТИ)          ! берілген жылы! лимиті  ! толтыру    
---------------------------------------------------------------------------
1-ТИ Алматы қаласы            1952 жыл        1 690      3 888

2-ТИ Семей қаласы             1773 жыл          760        698

3-ТИ Шымкент қаласы           1964 жыл          550        905

4-ТИ Орал қаласы              1858 жыл          530        553

5-ТИ Ақтөбе қаласы            1954 жыл        1 230      1 033          

6-ТИ Талдықорған қаласы       1954 жыл          660        566 

7-ТИ Қостанай қаласы          1912 жыл        1 010        918

9-ТИ Атырау қаласы            1971 жыл          510        351

10-ТИ Қызылорда қаласы        1810 жыл          700        277

12-ТИ Астана қаласы           1977 жыл          880      1 036

13-ТИ Тараз қаласы            1870 жыл        1 300      1 451

14-ТИ Павлодар қаласы         1980 жыл          760        920

16-ТИ Қарағанды қаласы        1946 жыл        1 370      1 773

17-ТИ Өскемен қаласы          1720 жыл          760        981

18-ТИ Петропавл қаласы        1954 жыл          570        610

20-ТИ Көкшетау қаласы         1981 жыл          510        457

21-ТИ Жезқазған қаласы        1993 жыл          765        545

Арқалық қаласының                               300        179
N 1 түрмесі жанындағы                     
жергілікті учаске
     
Жиыны                                        14 855     17 141
-------------------------------------------------------------------------- 
    
                                                               5-кесте

               2001-2005 жылдар кезеңiнде республиканың тергеу
             изоляторларындағы арнайы контингент санының болжамы
     
---------------------------------------------------------------------------
Жылы            !  2001   !   2002   !   2003    !   2004   !   2005
---------------------------------------------------------------------------
Саны              17 300     18 000     18 700      19 400     20 100
---------------------------------------------------------------------------
     


      Қазiргi сәтте сот үкiмдерiне сәйкес сотталғандарды тергеу изоляторларынан түзеу мекемелерiне режимнiң түрлерi бойынша тасымалдау темiр жол көлiгiмен жүзеге асырылады. Айына ұзақтығы жолда жүрудiң 1 тәулiгiнен 6 тәулiгiне дейiнгi 36 рейске дейiн жасалатын 12 жоспарлы бағыт көзделген. Осы мақсаттар үшiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң тиiстi қызметтерi "Қазақстан Темiр Жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнынан 16 арнайы вагонды және Ресей Федерациясының "Темiржол көлiгi кәсiпорнынан" 3 арнайы вагонды жалға алып отыр. Жоғарыда аталған арнайы вагондар күрделi жөндеудi қажет етедi және оларды пайдалану мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты толық ауыстыруға жатады. Арнайы контингентті тасымалдауға арналған арнайы автомобильдер де дәл осындай жағдайға ұшырап отыр, бұл ақыр аяғында сотталғандарды және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдарды автомобиль және темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде төтенше жағдайлардың туындауына әкелiп соғуы мүмкiн.
      Жабық үлгiдегi түзеу мекемелерiн күзеттiң қазiргі инженерлiк-техникалық құралдарымен жабдықтау проблемалық мәселе болып отыр. Қазiргi уақытта республиканың түзеу мекемелерiнде орнатылған "Ночь-12", "Пион", "Мимоза-4" сияқты күзеттiң тағы басқа техникалық құралдары олардың ұзақ уақыт пайдаланылуына байланысты жөндеудi немесе қайта орнатуды қажет етедi. Бұл ретте бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың мiнез-құлқын бақылауды және қылмыстық-атқару жүйесiнiң бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн жүзеге асыру үшiн түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларын қосымша өндiрiстiк теледидар қондырғыларымен жабдықтау қажет.
      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын iске асыру мақсатында 2003 жылдан бастап бас бостандығынан шектеу түрiндегi жазаны қолданысқа енгiзу қажет. Бұл үшiн қажеттi жағдайлар жасау жаңа құрылыстар салуды немесе қолда бар ғимараттарды Түзеу орталықтары ретiнде қайта жаңартуды, оларды сотталғандарды және мекеме әкiмшiлiктерiн қабылдау мен орналастыру үшiн қажеттi жабдықтармен және мүкәммалмен жарақтауды көздейдi.

      4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсарту, күзеттiң инженерлiк-техникалық құралдарын жаңарту, сотталғандар мен қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдардың коммуналдық-тұрмыстық жағдайын, сондай-ақ оларды тасымалдауды қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес келтiру болып табылады.
      Осы Бағдарламаны орындау бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдындағы мiндеттер мыналардан тұрады:
      1) жаңа құрылыстар салу және қолданыстағы түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларын қайта жаңарту жолымен түзеу мекемелерiндегi және тергеу изоляторларындағы сотталғандарды ұстаудың орналасу тығыздығын азайту;
      2) сотталғандардың барлық санаттарына сотталғанға немесе тұтқындалғанға дейiн тұрған аймағының шегiнде жазасын өтеу үшiн жағдай жасау;
      3) сотталғандарды республика бойынша тасымалдау санын азайту;
      4) түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеу кезiнде сотталғандарды ұстаудың қауiпсiздiгiн арттыру;
      5) сотталғандардың арасындағы қылмыстар санын, олардың күзетiлетiн түзеу мекемелерiнен қашу санын азайту.

      5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асырудың тетіктерi

      Сотталғандардың тұтқындалғанға немесе сотталғанға дейiн тұрған облыс аумағында жазаларын өтеу туралы заңнамалық талаптарды iске асыру мақсатында барлық санаттағы бас бостандығынан айыруға сотталған ерлерге, әйелдерге және кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратындарға жазаларын өтеу үшiн әрбiр облыста тиiстi жағдай жасау жөнiндегi жұмысты жалғастыру.
      Прогрессивтi жаза өтеудiң сотталғандарды тиiмдi қайта әлеуметтiк бейiмдеудi барынша ынталандыратын, сотталғандарды бiр түзеу мекемесiнiң шегiнде саралап ұстауды және жеңiлдеу режимдегi өзге де түзеу мекемелерiне ауыстыруды, тiптен шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қамтитын қалыпты жүйесiн құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру.
      Жазаларды өтеудiң режимiн, ғылым мен техника саласындағы соңғы жетiстiктер негізiнде жасалған күзеттiң қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық құралдарын пайдалана отырып, бас бостандығынан айыру орындарын күзетудiң сенiмдi болуын нығайту. Қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында оларды қазіргі заманғы жеке қорғаныс және байланыс құралдарымен, қару-жарақпен қамтамасыз ету.
      Бағдарламаны iске асыру алғашқы кезеңде Қазақстан Республикасының

Iшкi істер министрлiгiне жүктеледi.
     Пенитенциарлық жүйенiң Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 
берiлуiне байланысты Бағдарламаны одан әрi iске асыруды аталған 
министрлiкке жүктеу жоспарланып отыр.

     6. Қажетті ресурстар және бағдарламаны қаржыландыру көздерi
     
            Бағдарламаны жылдар бойынша қаржыландыру қажеттiлiгi
     
---------------------------------------------------------------------------
 Жұмыстар бағыты           ! Барлығы  !   Оның ішінде жылдар бойынша
                           !   млн.   !-----------------------------------
                           !  теңге   ! 2001  ! 2002 ! 2003 ! 2004 ! 2005
---------------------------------------------------------------------------
ТМ мен ТИ-дің құрылысын      4 870       870  1000    1000   1000   1000  
салу және оларды қайта    
жаңарту
     
Жаңадан іске қосылатын       1 208.9      -   161.1   313.4  112.0  622.4 
ТМ мен ТИ-ді ұстау   
     
ТМ мен ТИ-ді КИТҚ-мен        1 000        -    250     250    250    250 
жабдықтау 
     
Сатып алу:                                -
1) арнайы автомобильдер;      31.3             5.2     8.7    8.7    8.7   
   
2) арнайы вагондар             200        -    50      50      50     50

Түзеу орталықтары мен         2 050       -    1 000   350    350    350
тұтқындау үйлерін құру
және ұстау             
     
Жиыны                        9360.2    870   2466.3  1972.1  1770.7  2281.1
---------------------------------------------------------------------------



      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады. 2001-2005 жылдарға арналған осы Бағдарламаны iске асыруға арналған бюджеттiк қаражаттың ең төменгi есеппен қажеттiлiгi 9360,2 млн. теңге. Жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.

      7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарламаны орындау сотталғандар мен қылмыстың жасалуына сезiктiлер

мен айыпталушы адамдарды ұстаудың жағдайын Қазақстан Республикасының 
қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкестендiруге, түзеу 
мекемелерi мен тергеу изоляторлары қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн 
қамтамасыз етуге мүмкіндік бередi, мұның өзi түпкi нәтижесiнде 
республикадағы бас бостандығынан айыру орындарында тұрақты және болжамды 
жағдайды қолдауға жәрдемдеседi.

     8. Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерінің материалдық-техникалық  
        базасын жақсарту бағдарламасын іске асыру жөніндегі
     
                             Іс-шаралар жоспары
     
---------------------------------------------------------------------------
р/р!       Іс-шараның атауы        ! Аяқтау нысаны ! Жауапты ! Іске асыру 
 N !                               !               ! орындау.!  мерзімі
   !                               !               ! шылар   !
---------------------------------------------------------------------------
1   Жобалау-іздестіру жұмыстарын    Қазақстан          ІІМ      2001-2005
    жүргізу                         Республикасының
                                    Үкіметіне есеп
                                    беру
     
2   Мыналарды:                      Қазақстан          ІІМ      
    1) Ақтөбе облысының Жем         Республикасының               2001
    кентіндегі әскери объектіні     Үкіметіне есеп
    толтыру лимиті 1500 орындық     беру
    қатаң режимдегі түзеу 
    колониясы ретінде қайта 
    жаңартуды;
    2) Алматы қаласында толтыру                                   2001
    лимиті 1500 орындық тергеу 
    изоляторының құрылысын;
    3) Шымкент қаласында толтыру                                  2001
    лимиті 1000 орындық тергеу 
    изоляторының құрылысын;
    4) Қарағанды қаласында толтыру                                2001
    лимиті 600 орындық тергеу 
    изоляторының режимдік 
    корпусының құрылысын;
    5) Шығыс Қазақстан облысының                                  2001
    Солнечный кентіндегі әскери 
    қалашықты толтыру лимиті 300 
    орындық сотталған әйелдерді 
    ұстауға арналған түзеу 
    колониясы ретінде қайта 
    жаңартуды аяқтау.

    Мыналарды:
    1) Өскемен қаласындағы бұрынғы                                2001 
    тәрбие колониясын толтыру 
    лимиті 300 орындық сотталған 
    кәмелетке толмағандарды 
    ұстауға арналған тәрбие 
    колониясы ретінде күрделі 
    жөндеуді;
    2) Алматы облысының Заречный                                2001-2002
    кентінде жұмыс істейтін түзеу 
    колония-қонысының базасында 
    толтыру лимиті 1500 орындық 
    қатаң режимдегі түзеу 
    колониясы ретінде қайта 
    жаңартуды;
    3) Орал қаласындағы жұмыс                                   2001-2002
    істейтін түзеу колония-
    қонысының базасында толтыру 
    лимиті 900 орындық қатаң 
    режимдегі түзеу колониясы 
    ретінде қайта жаңартуды;
    4) Қызылорда қаласындағы                                      2001
    қабырға материалдарды 
    зауытының базасында толтыру 
    лимиті 1000 орындық жалпы 
    режимдегі түзеу колониясы 
    ретінде қайта жаңартуды;
    5) Атырау қаласындағы                                         2001
    бұрынғы КТУ ғимаратын толтыру 
    лимиті 300 орындық сотталған 
    әйелдерді ұстауға арналған 
    түзеу колониясы ретінде 
    қайта жаңартуды;
    6) Жамбыл облысындағы                                       2001-2002
    объектіні толтыру лимиті 
    1200 орындық жалпы режимдегі 
    түзеу колониясы ретінде 
    қайта жаңартуды жүргізу;
    7) Павлодар облысындағы                                     2002-2003
    объектіні толтыру лимиті 
    1200 орындық жалпы режимдегі 
    түзеу колониясы ретінде 
    қайта жаңартуды;
    8) Ақтау қаласындағы                                          2002
    әскери-техникалық мектепті 
    толтыру лимиті 510 орындық 
    тергеу изоляторы ретінде 
    қайта жаңартуды;
    9) Астана қаласында 2000                                     2002-2003
    орындық тергеу изоляторын 
    қайта жаңарту мен кеңейтуді;
    10) Қарағанды облысының                                       2002
    Долинка кентіндегі бұрынғы 
    балалар санаторийін толтыру 
    лимиті 300 орындық сотталған 
    кәмелетке толмағандарды 
    ұстауға арналған тәрбие 
    колониясы ретінде қайта 
    жаңартуды жүргізу;
    11) Солтүстік Қазақстан                                      2003-2004
    облысындағы объектіні 
    толтыру лимиті 1200 орындық 
    қатаң режимдегі түзеу 
    колониясы ретінде қайта 
    жаңартуды;
    12) Қостанай облысындағы                                     2003-2004
    түзеу колония-қонысын 
    толтыру лимиті 1200 орындық 
    қатаң режимдегі түзеу 
    колониясы ретінде қайта 
    жаңартуды жүргізу;
    13) Алматы облысындағы                                        2004
    объектіні толтыру лимиті 
    1200 орындық қатаң режимдегі 
    түзеу колониясы ретінде 
    қайта жаңартуды;
    14) Оңтүстік Қазақстан                                       2004-2005
    облысындағы объектіні толтыру 
    лимиті 1200 орындық қатаң 
    режимдегі түзеу колониясы 
    ретінде қайта жаңартуды;
    15) Алматы облысындағы                                       2004-2005
    объектіні толтыру лимиті 
    1500 орындық жалпы режимдегі 
    түзеу колониясы ретінде 
    қайта жаңартуды;
    16) Өскемен қаласындағы                                      2004-2005
    тергеу изоляторының құрылысын;
    17) Семей қаласындағы тергеу                                 2004-2005
    изоляторының құрылысын 
    жүргізу;
    18) Атырау облысындағы                                       2004-2005
    объектіні толтыру лимиті 
    500 орындық айрықша режимдегі 
    түзеу колониясы ретінде 
    қайта жаңартуды;
    19) Солтүстік Қазақстан                                       2005
    облысындағы ғимаратты толтыру 
    лимиті 300 орындық сотталған 
    әйелдерді ұстауға арналған 
    түзеу колониясы ретінде қайта 
    жаңартуды жүргізу;

3   Түзеу мекемелері мен тергеу      Қазақстан           ІІМ     2001-2005
    изоляторларын мемлекеттік        Республикасы
    мекеме нысанында құру жөнінде    Үкіметінің
    нормативтік құқықтық кесімді     қаулысы
    дайындау
     
4   Қазақстан Республикасының        Қазақстан        ІІМ, Облыс,   2002
    барлық облыс орталықтарында      Республикасының  Астана және
    үй-жайларды түзеу орталықтары    Үкіметіне есеп   Алматы
    ретінде қайта жаңартуды жүргізу  беру             қалаларының
                                                      әкімдері
     
5   Бостандығын шектеу түріндегі     Қазақстан           ІІМ        2003
    жазалау туралы Қазақстан         Республикасының
    Республикасы Қылмыстық-атқару    Заңы
    кодексінің ережелерін 
    қолданысқа енгізу туралы 
    Қазақстан Республикасы 
    Заңының жобасын дайындау
     
6   Мынадай арнайы көліктерді:       Қазақстан           ІІМ      2002-2005
    1) арнайы контингентті           Республикасының
    тасымалдауға арналған арнайы     Үкіметіне есеп
    автомобильдерді;                 беру
    2) арнайы контингентті 
    тасымалдауға арналған арнайы 
    вагондарды сатып алуды жүргізу
     
7   Мынадай түзеу мекемелерінің:     Қазақстан          ІІМ  
    1) ЛА-155/4; ЕЦ-166/4;           Республикасының             2002
    ЕЦ-166/25; КА-168/2;             Үкіметіне есеп
    ОВ-156/2; ЖД-158/2;              беру
    РУ-170/3; АК-159/21.
     
    2) ЛА-155/12; ЕЦ-166/10;                                     2003
    ЕЦ-166/11; УГ-157/9;
    ОВ-156/6; ОВ-156/14;
    АК-159/7; ИЧ-167/2;
    АК-159/9; АП-162/4.
     
    3) ОВ-156/3; АК-159/22;                                      2004
    УК-161/3; УК-161/4;
    АК-159/5; АП-162/5; 
    ГМ-172/7; ЕС-164/3; 
    ЕС-164/4; ЕС-164/8.
     
    4) ОВ-156/15; АК-159/17;                                      2005
    УК-161/2; АП-162/3;
    АП-162/2; ГМ-172/1; 
    ГМ-172/6; ЖД-158/6;
    ЛА-155/8; ИЧ-167/3     
    инженерлік-техникалық 
    құрылыстарын қайта 
    жаңартуды және жөндеуді 
    жүргізу
---------------------------------------------------------------------------
  
Мамандар:
     Багарова Ж.А.     
     Қасымбеков Б.А.