Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 92 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясына сәйкес және Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару жүйесінің қызметін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.04. N 326 қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін. <*>
      Ескерту. Тақырыпта және мәтiнде "түзеу мекемелерiнiң" деген сөздерден кейiн "және тергеу изоляторларының" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.04. N 326 қаулысымен.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің      
2001 жылғы 22 қаңтардағы          
N 92 қаулысымен бекітілген         

Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу
изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың
2001-2003 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ <*>

      Ескерту. Тақырыпта және мәтiнде "түзеу мекемелерiнiң" деген сөздерден кейiн "және тергеу изоляторларының" деген сөздермен  толықтырылды, "2005" деген сандар "2003" деген сандармен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.04. N 326 қаулысымен.

1. Паспорт

      Бағдарламаның атауы және оны iске асыру мерзiмi:
      "Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы". <*>

      Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi:

      Қылмыстық-атқару заңнамасының ережелерiн одан әрi іске асыру үшiн жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсарту.
      Жаңа құрылыстар салу және жұмыс iстеп тұрған түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларын қайта жаңарту, сондай-ақ оларды күзеттiң қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық құралдарымен жабдықтау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту.

2. Кiрiспе

      Ұсынылып отырған Бағдарлама Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған ұлттық қауiпсiздiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 4.3.28-тармағына сәйкес әзiрлендi. <*>
      Бағдарламаны әзiрлеу сотталғандарды және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдарды ұстаудың жағдайларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасымен сәйкестендiру, жаңа құрылыстар салу және қолда бар түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттiлiгiнен туындап отыр, сондай-ақ мұның алдындағы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 1 қазандағы қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң және алдын-ала қамауға алу орындарының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Yкiмет бағдарламасы негізiнен орындалды және оның қолданылу мерзiмi өтiп кеттi.
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.04. N 326 қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесiнiң
қазiргi жағдайын талдау

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының Iшкіісминi) қылмыстық-атқару жүйесi республика iшкi iстер органдары жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және қылмыстық жазаны атқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдарды күзет қамауында ұстауды қамтамасыз ететiн ұйымдардың, мекемелердiң және құрылымдық бөлiмшелердiң жиынтығын құрайды.
      Бүгiнгi күнi республикадағы қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрамына 91 бөлiмше кiредi, оның iшiнде: 21 жалпы, 15 қатаң және 3 айрықша қатаң режимдегі түзеу колониясы, 23 колония-қоныстары, кәмелетке толмағандарға арналған 3 тәрбие колониясы, 1 түрме, 8 арнайы емдеу мекемесi және оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушылар күзет қамауында ұсталатын 17 тергеу изоляторы бар.
     Барлық аталған мекемеде 85 мың 744 адам ұсталуда. Оның iшiнде: жалпы режимдегi колонияларда - 33 556 адам, қатаң режимдегi колонияларда - 18 730; айрықша қатаң режимдегі колонияларда - 2 001; колония-қоныстарда - 4 839; түрмелерде - 292; 3 268 - әйелдер; 1 128 - кәмелетке толмағандар; тергеу изоляторларында - 17 141 сезiктiлер мен айыпталушылар жазаларын өтеуде. Бұл ретте, сотталғандардың және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдардың саны мынадай:

1-кесте          

            әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша
      түзеу мекемелерiндегі сотталғандар санының динамикасы

Жылы     !  1995   !  1996  !  1997  !  1998  !  1999  !  2000  ! 2001
         !         !        !        !        !        !        ! Болжам
---------------------------------------------------------------------------
Саны        65 165    73 687   65 329   67 906   61 924   58 961   70 800

     1997 және 2000 жылдарғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сотталғандар санының азаюы сотталғандардың кейбiр санаттарына рақымшылық жасауды қолдануға, ал 1999 жылдың 1 қаңтарындағы дейiнгi жағдай Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексiнiң енгiзiлуiне сәйкес үкiмдердiң қайта қаралуына байланысты болып отыр.

2-кесте

                  2000 жылдың iшiнде әр ай бойынша сотталғандардың саны ---------------------------------------------------------------------------
      ! I  ! II !III ! IV ! V  ! VI ! VII!VIII! IX ! X  ! XI !XII
--------------------------------------------------------------------------
      !    !    !    !    !    !    !    !    !    !    ! Болжам
---------------------------------------------------------------------------
Саны     58   59   60   60   62   63   64   66   67   68   69   70
        961  559  337  995  995  392  919  150  200  603  600  800
---------------------------------------------------------------------------
     Жоғарыда келтiрiлген деректер сотталғандар санының орташа есеппен ай сайын 1000 адамға өсiп отырғандығын айғақтайды, бұл сотталғандар санының 2001 жылдың 1 қаңтарында 12 мың адамға өсетiндiгi және сондай-ақ кейiнгі 5 жылда да өсе беретiндiгi туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.

3-кесте

                   2001-2005 жж. кезеңiнде сотталғандар санының өсу болжамы ---------------------------------------------------------------------------
Жылы       ! 2001    !  2002   !  2003   !  2004    !  2005
--------------------------------------------------------------------------
Саны       ! 70 800     82 800    94 800    106 800    118 800
--------------------------------------------------------------------------
      Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар тұтқындалғанға немесе сотталғанға дейiн тұрған облыс аумағындағы түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеулерi тиiс. Бiрақ та қолда бар мекемелердiң әр қилы орналасуы бұл талаптың орындалуын қамтамасыз ете алмай отыр. Қызылорда облысында жалпы режимдегi колониялар, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қатаң режимдегi колониялар жоқ, соның нәтижесiнде осы облыстардағы қатаң режимдегі түзеу колонияларында жазаларын өтеуге сотталғандар республиканың басқа аймақтарындағы қатаң режимдегi колонияларда жазаларын өтеуде.
      Қолда бар айрықша қатаң режимдегi үш түзеу колониясы Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарында орналасқан, осыған байланысты республиканың барлық аймақтарындағы сотталғандар жоғарыда аталған облыстардағы түзеу колонияларына жiберiлуде.
      Әйелдер мен кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған колониялар жеткiлiксiз. Республиканың барлық облыстарындағы сотталған әйелдер Алматы және Қарағанды облыстарындағы екi түзеу колониясында, ал кәмелетке толмағандар Ақтөбе, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы үш тәрбие колониясында жазаларын өтеуде.
      Мұндай жағдай республикадағы тергеу изоляторларында да қалыптасқан. Олардың көбi санитарлық және техникалық талаптарға жауап бермейтiн ескi ғимараттарға орналасқан. Олардың қатарына 18-19 ғасырларда салынған, қазiргi кезде апаттық жағдайда тұрған Алматы, Қарағанды, Семей, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы тергеу изоляторы жатады. Маңғыстау облысында тергеу изоляторы мүлде жоқ, саны 400 адам болатын сезiктiлер мен айыпталушылар Атырау қаласындағы тергеу изоляторында ұсталуда. Астана және Алматы қалаларындағы тергеу изоляторлары шектен тыс толған, санының лимит шегiнен шығуы тиiсiнше 22 және 132% құрайды. Республиканың тергеу изоляторларында ұсталатын арнайы контингент саны ай сайын 700-800 адамға өсiп отыр. Осылайша, ондағы арнайы контингенттiң саны 2001 жылдың 1 қаңтарында шамамен 18 300 адамды құрайтын болады.

4-кесте

                     тергеу изоляторларын жоспарлы және нақты толтыру   ---------------------------------------------------------------------------
  Тергеу изоляторлары        ! Пайдалануға  ! Орын    ! Нақты
   (бұдан әрі - ТИ)          ! берілген жылы! лимиті  ! толтыру
---------------------------------------------------------------------------
1-ТИ Алматы қаласы            1952 жыл        1 690      3 888

2-ТИ Семей қаласы             1773 жыл          760        698

3-ТИ Шымкент қаласы           1964 жыл          550        905

4-ТИ Орал қаласы              1858 жыл          530        553

5-ТИ Ақтөбе қаласы            1954 жыл        1 230      1 033

6-ТИ Талдықорған қаласы       1954 жыл          660        566

7-ТИ Қостанай қаласы          1912 жыл        1 010        918

9-ТИ Атырау қаласы            1971 жыл          510        351

10-ТИ Қызылорда қаласы        1810 жыл          700        277

12-ТИ Астана қаласы           1977 жыл          880      1 036

13-ТИ Тараз қаласы            1870 жыл        1 300      1 451

14-ТИ Павлодар қаласы         1980 жыл          760        920

16-ТИ Қарағанды қаласы        1946 жыл        1 370      1 773

17-ТИ Өскемен қаласы          1720 жыл          760        981

18-ТИ Петропавл қаласы        1954 жыл          570        610

20-ТИ Көкшетау қаласы         1981 жыл          510        457

21-ТИ Жезқазған қаласы        1993 жыл          765        545

Арқалық қаласының                               300        179
N 1 түрмесі жанындағы
жергілікті учаске

Жиыны                                        14 855     17 141
--------------------------------------------------------------------------

5-кесте           

         2001-2005 жылдар кезеңiнде республиканың тергеу
       изоляторларындағы арнайы контингент санының болжамы ---------------------------------------------------------------------------
Жылы            !  2001   !   2002   !   2003    !   2004   !   2005
---------------------------------------------------------------------------
Саны              17 300     18 000     18 700      19 400     20 100
---------------------------------------------------------------------------
      Қазiргi сәтте сот үкiмдерiне сәйкес сотталғандарды тергеу изоляторларынан түзеу мекемелерiне режимнiң түрлерi бойынша тасымалдау темiр жол көлiгiмен жүзеге асырылады. Айына ұзақтығы жолда жүрудiң 1 тәулiгiнен 6 тәулiгiне дейiнгi 36 рейске дейiн жасалатын 12 жоспарлы бағыт көзделген. Осы мақсаттар үшiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң тиiстi қызметтерi "Қазақстан Темiр Жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнынан 16 арнайы вагонды және Ресей Федерациясының "Темiржол көлiгi кәсiпорнынан" 3 арнайы вагонды жалға алып отыр. Жоғарыда аталған арнайы вагондар күрделi жөндеудi қажет етедi және оларды пайдалану мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты толық ауыстыруға жатады. Арнайы контингентті тасымалдауға арналған арнайы автомобильдер де дәл осындай жағдайға ұшырап отыр, бұл ақыр аяғында сотталғандарды және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдарды автомобиль және темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде төтенше жағдайлардың туындауына әкелiп соғуы мүмкiн.
      Жабық үлгiдегi түзеу мекемелерiн күзеттiң қазiргі инженерлiк-техникалық құралдарымен жабдықтау проблемалық мәселе болып отыр. Қазiргi уақытта республиканың түзеу мекемелерiнде орнатылған "Ночь-12", "Пион", "Мимоза-4" сияқты күзеттiң тағы басқа техникалық құралдары олардың ұзақ уақыт пайдаланылуына байланысты жөндеудi немесе қайта орнатуды қажет етедi. Бұл ретте бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың мiнез-құлқын бақылауды және қылмыстық-атқару жүйесiнiң бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн жүзеге асыру үшiн түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларын қосымша өндiрiстiк теледидар қондырғыларымен жабдықтау қажет.
      Ескерту. 3-абзац алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.04.04. N 326 қаулысымен.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсарту, күзеттiң инженерлiк-техникалық құралдарын жаңарту, сотталғандар мен қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдардың коммуналдық-тұрмыстық жағдайын, сондай-ақ оларды тасымалдауды қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес келтiру болып табылады.
      Осы Бағдарламаны орындау бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдындағы мiндеттер мыналардан тұрады:
      1) жаңа құрылыстар салу және қолданыстағы түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларын қайта жаңарту жолымен түзеу мекемелерiндегi және тергеу изоляторларындағы сотталғандарды ұстаудың орналасу тығыздығын азайту;
      2) сотталғандардың барлық санаттарына сотталғанға немесе тұтқындалғанға дейiн тұрған аймағының шегiнде жазасын өтеу үшiн жағдай жасау;
      3) сотталғандарды республика бойынша тасымалдау санын азайту;
      4) түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеу кезiнде сотталғандарды ұстаудың қауiпсiздiгiн арттыру;
      5) сотталғандардың арасындағы қылмыстар санын, олардың күзетiлетiн түзеу мекемелерiнен қашу санын азайту.

5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске
асырудың тетіктерi

      Сотталғандардың тұтқындалғанға немесе сотталғанға дейiн тұрған облыс аумағында жазаларын өтеу туралы заңнамалық талаптарды iске асыру мақсатында барлық санаттағы бас бостандығынан айыруға сотталған ерлерге, әйелдерге және кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратындарға жазаларын өтеу үшiн әрбiр облыста тиiстi жағдай жасау жөнiндегi жұмысты жалғастыру.
      Прогрессивтi жаза өтеудiң сотталғандарды тиiмдi қайта әлеуметтiк бейiмдеудi барынша ынталандыратын, сотталғандарды бiр түзеу мекемесiнiң шегiнде саралап ұстауды және жеңiлдеу режимдегi өзге де түзеу мекемелерiне ауыстыруды, тiптен шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қамтитын қалыпты жүйесiн құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру.
      Жазаларды өтеудiң режимiн, ғылым мен техника саласындағы соңғы жетiстiктер негізiнде жасалған күзеттiң қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық құралдарын пайдалана отырып, бас бостандығынан айыру орындарын күзетудiң сенiмдi болуын нығайту. Қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында оларды қазіргі заманғы жеке қорғаныс және байланыс құралдарымен, қару-жарақпен қамтамасыз ету.
      Бағдарламаны iске асыру алғашқы кезеңде Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрлiгiне жүктеледi.
      Тергеу изоляторларынан басқа, пенитенциарлық жүйенiң Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берiлуiне байланысты Бағдарламаны одан әрi iске асыруды аталған министрлiкке жүктеу жоспарланып отыр. <*>
      Ескерту. 5-абзац өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.04. N 326 қаулысымен.

6. Қажеттi ресурстар және бағдарламаны қаржыландыру
көздерi <*>

      Бағдарламаны жылдар бойынша қаржыландыру қажеттілігі
------------------------------------------------------------------
Р/с!    Іс-шара       !Болжам.!Қаржы. !   Бюджеттік өтінімдегі
N !                  !ды шы. !ландыру!  бюджеттік бағдарламалар
   !                  !ғыстар ! көзі  !---------------------------
   !                  !(млн.  !       !Бюджет. !Сомасы (млн. теңге)
   !                  !теңге) !       !тік бағ.!------------------
   !                  !       !       !дарлама.! 2001 ! 2002 !2003
   !                  !       !       !ның коды! жыл  ! жыл  !жыл
------------------------------------------------------------------
1   Ақтөбе облысының     389            42; 306    89     -   300
    Жем кентiндегi
    әскери объектiнi
    1500 орынды қатаң
    peжимдегі түзеу
    колониясы етiп
    қайта жаңарту

2   Шығыс Қазақстан      223            42; 300;  45,1    40 137,9
    облысының Солнеч.                     305
    ный кентiндегi
    әскери қалашықты
    300 орынды толты.
    ру лимиті бар
    сотталған әйел.
    дердi ұстауға
    арналған түзеу
    колониясы етiп
    қайта жаңарту

3   Өскемен қаласын.    55,7   респуб.     42     55,7     -   -
    дағы тәрбие коло.          ликалық
    ниясын 300 орынды          бюджет
    толтыру лимиті
    бар сотталған
    кәмелетке толма.
    ғандарды ұстауға
    арналған тәрбие
    колониясы етiп
    күрделi жөндеу

4   Алматы облысы.       15              42; 300   5     10    -
    ның Заречный
    кентіндегі түзеу
    қоныс колониясын
    1500 орынды
    толтыру лимитi
    бар қатаң режим.
    дегi түзеу коло.
    ниясы етiп қайта
    жаңарту

5   Орал қаласындағы    10,05            42; 300    7   3,051   -
    түзеу қоныс
    колониясын 900
    орынды толтыру
    лимитi бар қатаң
    peжимдегi түзеу
    колониясы етiп
    қайта жаңарту

6   Қызылорда қаласын.  456,15         42; 300; 30,2  115,949  310
    дағы қабырға ма.                     303
    териалдары зауы.
    тының базасында
    1000 орынды тол.
    тыру лимитi бар
    жалпы режимдегi
    түзеу колониясы
    етiп қайта жаңарту

7   Атырау қаласындағы    44           42; 300    4     40     -
    бұрынғы кәсiптiк
    техникалық училище
    ғимаратын 300
    орынды сотталған
    әйелдердi ұстауға
    арналған түзеу
    колониясы етiп
    қайта жаңарту

8   Жамбыл облысындағы    415          42; 300;   24    91   300
    психоневрологиялық                   304
    үй-интернатын 1200
    орынды толтыру
    лимитi бар жалпы
    peжимдегi түзеу
    колониясы етiп
    қайта жаңарту

9   Қарағанды қаласында   127          42; 304   100    27    -
    336 орынды толтыру
    лимитi бар тергеу
    изоляторының режим.
    дік корпусын салу

10  Алматы қаласында      858,1        42; 304;  237,5  280  340,6
    1500 орынды толтыру                  304
    лимитi бар тергеу
    изоляторын салу

11  Шымкент қаласында     345          42; 304;  145    100  100
    1000 орынды толтыру                  304
    лимиті бар тергеу
    изоляторын салу

12  Ақтау қаласындағы     690,3 респуб. 42; 304;  100  133  457,3
    әскери-техникалық           ликалық   304
    мектептi 510 орынды         бюджет
    толтыру лимиті бар
    тергеу изоляторы
    етіп қайта жаңарту

13  Павлодар қаласында   223,5          42; 304;  22,5  100  101
    600 орынды толтыру                    304
    лимиті бар тергеу
    изоляторының
    режимдiк корпусын
    салу

14  Астана қаласындағы    5                42       5     -    -
    2000 орынды тергеу
    изоляторын қайта
    жаңарту және
    кеңейту

15  6 түзеу мекемесi.    178             201; 201   -    89   89
    нiң инженерлiк-
    техникалық құрылыс.
    тарын қайта жаңарту
    мен жөндеу

16  Тергеу изолятор.      50             203; 203   -    25   25
    ларын инженерлік-
    техникалық күзет
    құралдарымен жабдық.
    тау

17  Түзеу колониялары     33,6           42; 200   13,6   -   20
    үшін арнайы автомо.
    бильдер сатып алу

18  Тергеу изоляторлары   16,64  Респуб.    202     -    -   16,64
    үшiн арнайы көлiк            ликалық
    сатып алу (Арнайы            бюджет
    контингентті тасы.
    малдауға арналған
    автомобильдер)

    Tүзеу колониялары
    бойынша жиыны        1819,5                 273,6  389  1156,9
    Тергеу изоляторлары
    бойынша жиыны        2315,54                610    665  1040,54

    БАРЛЫҒЫ              4135,04                883,6 1054  2197,44
------------------------------------------------------------------

      Ескерту.
      1. Әділет министрлігi бюджеттiк бағдарламаларының атауы:
      200-бағдарламаның коды - "Қылмыстық-атқару жүйесiн жабдықтармен, мүкаммалмен, арнайы мақсаттағы құралдармен және көлiк құралдарымен жарақтандыру";
      201-бағдарламаның коды - "Түзеу мекемелерiн инженерлiк-техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру";
      300-бағдарламаның коды - "Түзеу мекемелерiн салу, қайта жаңарту және күрделi жөндеу";
      303-бағдарламаның коды - "Қызылорда қаласындағы қабырға материалдары зауытының базасында жалпы режимдегi түзеу колониясы етiп қайта жаңарту";
      304-бағдарламаның коды - "Жамбыл облысындағы психоневрологиялық үй-интернатын жалпы режимдегi түзеу колониясы етiп қайта жаңарту";
      305-бағдарламаның коды - "Шығыс Қазақстан облысының Солнечный поселкесiндегi әскери қалашықты әйелдерге арналған түзеу колониясы етіп қайта жаңарту";
      306-бағдарламаның коды - "Ақтөбе облысының Жем кентiндегi "Eмбi-5" әскери объектiсiн қатаң режимдегi түзеу колониясы етiп қайта жаңарту".
      2. Iшкi iстер министрлiгi бюджеттiк бағдарламаларының атауы:
      42-бағдарламаның коды - "Tepгeу изоляторларын және түзеу мекемелерiн салу, қайта жаңарту және күрделi жөндеу";
      202-бағдарламаның коды - "Iшкi iстер органдарын жабдықпен, арнайы мақсаттағы құралдармен және көлікпен жарақтандыру";
      203-бағдарламаның коды - "Tepгeу изоляторларын инженерлiк-техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру";
      304-бағдарламаның коды "Tepгeу изоляторларын салу, қайта жаңарту және күрделi жөндеу".
      3. Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      2001-2003 жылдарға арналған Бағдарламаны iске асыруға арналған бюджет қаражатына қажеттiлiк 4135,04 млн. теңгенi құрайды.
      Ескерту. 6-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.04. N 326 қаулысымен.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарламаны орындау сотталғандар мен қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушы адамдарды ұстаудың жағдайын Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкестендiруге, түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторлары қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкіндік бередi, мұның өзi түпкi нәтижесiнде республикадағы бас бостандығынан айыру орындарында тұрақты және болжамды жағдайды қолдауға жәрдемдеседi.

8. Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ic-шаралар жоспары <*>

------------------------------------------------------------------
Р/с!      Іс-шара      ! Аяқтау !Орында.! Іске  !Болжамды! Қаржы.
N !                   ! нысаны !луына  ! асыру !шығыстар!ландыру
   !                   !        !жауап. ! (орын.! (млн.  ! көзі
   !                   !        !тылар  ! дау)  ! теңге) !
   !                   !        !       !мерзімі!        !
------------------------------------------------------------------
1   Өскемен қаласындағы Үкіметке   ӘдМ   2001 ж.   55,7      РБ
    300 орынды толтыру  есеп
    лимитi бар соттал.  беру
    ған кәмелетке тол.
    мағандарды ұстауға
    арналған тәрбие
    колониясын күрделi
    жөндеу

2   Астана қаласындағы  Үкіметке   ІІМ   2001 ж.     5       РБ
    2000 орынды тергеу  есеп
    изоляторын қайта    беру
    жаңарту және кеңей.
    ту

3   Алматы облысының    Үкіметке   ӘдМ   2001-      15       РБ
    Заречный кентiндегi есеп беру        2002 жж.
    түзеу қоныс коло.
    ниясын 1500 орынды
    толтыру лимитi бap
    қатаң режимдегi
    түзеу колониясы
    етіп қайта жаңарту

4   Орал қаласындағы    Үкіметке   ӘдМ   2001-      10,05    РБ
    түзеу қоныс коло.   есеп беру        2002 жж.
    ниясын 900 орынды
    толтыру лимитi бар
    қатаң режимдегi
    түзеу колониясы
    етiп қайта жаңарту

5   Атырау қаласындағы  Үкіметке   ӘдМ   2001-        44     РБ
    бұрынғы кәсіптік    есеп беру        2002 жж.
    техникалық училище
    ғимаратын 300
    орынды сотталған
    әйелдердi ұстауға
    арналған түзеу
    колониясы етiп
    қайта жаңарту

6   Қарағанды қаласын.  Үкіметке   ІІМ   2001-        127    РБ
    да 336 орынды       есеп беру        2002 жж.
    толтыру лимитi
    бар тергеу изоля.
    торының режимдiк
    корпусын салу

7   Ақтөбе облысының    Үкіметке   ӘдМ   2001-        389    РБ
    Жем кентiндегі      есеп беру        2003 жж.
    әскери объектiнi
    1500 орынды қатаң
    режимдегi түзеу
    колониясы етіп
    қайта жаңарту

8   Шығыс Қазақстан     Үкіметке   ӘдМ   2001-        223    РБ
    облысының Солнеч.   есеп беру        2003 жж.
    ный кентiндегi
    әскери қалашықты
    300 орынды толтыру
    лимитi бар соттал.
    ған әйелдердi
    ұстауға арналған
    түзеу колониясы
    етiп қайта жаңарту

9   Қызылорда қаласын.  Үкіметке   ӘдМ   2001-       456,15  РБ
    дағы қабырға мате.  есеп беру        2003 жж.
    риалдары зауытының
    базасында 1000
    орынды толтыру
    лимитi бар жалпы
    режимдегi түзеу
    колониясы етiп
    қайта жаңарту

10  Жамбыл облысындағы  Үкіметке    ӘдМ  2001-       415     РБ
    психоневрологиялық  есеп беру        2003 жж.
    үй-интернатын 1200
    орынды толтыру
    лимиті бар жалпы
    режимдегi түзеу
    колониясы етiп
    қайта жаңарту

11  Алматы қаласында    Үкіметке    ІІМ  2001-      858,1    РБ
    1500 орынды толтыру есеп беру        2003 жж.
    лимитi бар тергеу
    изоляторын салу

12  Шымкент қаласында   Үкіметке    ІІМ  2001-      345      РБ
    1000 орынды толтыру есеп беру        2003 жж.
    лимитi бар тергеу
    изоляторын салу

13  Ақтау қаласындағы   Үкіметке    ІІМ  2001-      690,3    РБ
    әскери-техникалық   есеп беру        2003 жж.
    мектептi 510
    орынды толтыру
    лимиті бар тергеу
    изоляторы етiп
    қайта жаңарту

14  Павлодар қаласында  Үкіметке    ІІМ  2001-      223,5    РБ
    600 орынды толтыру  есеп беру        2003 жж.
    лимитi бар тергеу
    изоляторының
    режимдiк корпусын
    салу

15  Түзеу колониялары   Үкіметке    ӘдМ  2001-       33,6    РБ
    үшiн арнайы         есеп беру        2003 жж.
    автомобильдер
    сатып алу

16  OB-156/2; AK-159/   Үкіметке    ӘдМ  2002-        178    РБ
    21; УК-161/4; OB-   есеп беру        2003 жж.
    156/14; ЛА-155/8;
    ЛА-155/14 түзеу
    мекемелерiнiң
    инженерлiк-техни.
    калық үймереттерiн
    қайта жаңарту және
    жөндеу

17  Тергеу изолятор.    Үкіметке    ІІМ  2002-        50     РБ
    ларын инженерлiк-   есеп беру        2003 жж.
    техникалық күзет
    құралдарымен жаб.
    дықтау

18  Тергеу изоляторлары Үкіметке    ІІМ  2003 ж.     16,64   РБ
    үшiн арнайы көлiк   есеп беру
    сатып алу (Арнайы
    контингентті) та.
    сымалдау үшiн
    арнайы автомобильдер
    сатып алу)

19  Мемлекеттiк меке.   Үкімет      ӘдМ  2003 ж.
    мелер нысанында:    қаулысы     ІІМ  - ІІ -
    түзеу мекемелерiн
    және қамау үйлерiн;
    тергеу изоляторла.
    рын құру жөнiндегi
    нормативтiк
    құқықтық актiлердi
    дайындау

    Түзеу колониялары               ӘдМ  2001-     1819,5    РБ
    бойынша жиыны                        2003 жж.
    Тергеу изоляторлары             ІІМ  - ІІ -    2315,54  - ІІ -
    бойынша жиыны

    Іс-шаралар жоспары
    бойынша барлығы                                4135,04  - II -
------------------------------------------------------------------

      Ескерту.
      Әрiп аббревиатураларының ажыратылуы:
      ӘдМ - Әдiлет министрлiгi
      IIМ - Iшкi iстер министрлiгi
      РБ - республикалық бюджет

      Ескерту. 8-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.04. N 326 қаулысымен.