1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының геология, экология және табиғи ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны бөлу жолымен:
1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң Алматы қаласындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасы геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Көкшетау қаласындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi теңгерiм бөлiнiсiн бекiту кезiнде Алматы қаласында орналасқан Геологиялық мұражайдың және Бизнес-клубтың мүлiктерiн Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң "Қазақстан Республикасы геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына берудi көздесiн.
3. Мыналар:
осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынның минералдық-шикiзат кешенi саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтi және ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыруы;
осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынның табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтi және ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыруы қызметiнiң негiзгi мәнi болып айқындалсын.
4. Осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi белгiленсiн.
5. Осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi заңнамада K941000_ U952198_ V990768_ белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
2) олардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiндегi:
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 106а-5-жолмен толықтырылсын: "106а-5 "Қазақстан Республикасы геология және
минералдық ресурстар ақпараттық-талдау
орталығы" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
Алматы қаласы";
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 91-3-жолмен толықтырылсын: "91-3 (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
"Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар
және қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау
орталығы" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
Көкшетау қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1693 P991693_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 489-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи
ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi: "шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасы геология, экология және табиғи ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" деген жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны". 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.