1. "Жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлік құрылымы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1845 P991845_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 525-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары кәсіптік білім берудің көп
деңгейлі құрылымы туралы ережедегі: 2-тармақтағы "бакалавриат пен магистратура туралы ережелерді" деген сөздер "жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнаулы білім және жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы ережелерді" деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақтың үшінші абзацындағы "2" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын; 13-тармақтағы "мамандық" деген сөз "біліктілігі" деген сөзбен ауыстырылсын; 2. Осы қаулы, оқуға жаңа қабылданғандар үшін 2001 жылдың 1 қыркүйегінен қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Мамандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.