1. "Әлеуметтiк қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшiн ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгiлеу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 855 P990855_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 279-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының қосымшасында:
2-тармақ "тұратын адамдар," деген сөздерден кейiн "жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлердi еңбекке орналастыру мүмкiндiгiн анықтау мақсатында, меншiк нысанына қарамастан, қалалық және ауылдық жерлерде кәсiпорындар мен ұйымдарға зерттеу жүргiзсін;
2) жоғарыда көрсетiлген мәселелер бойынша талдауды, жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлердi жұмысқа жiберу үшiн, жыл сайын оқу жылының аяқталуына екi ай қалғанда Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне ұсынсын;
3) жұмыс iстеп тұрған ұйымдарда, меншiк түрiне қарамастан, жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер үшiн жұмыс орындарын квоталауды қамтамасыз етсiн;
4) жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлердi еңбекке орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiнде басқа да қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, жыл сайын IV тоқсанда Қазақстан Республикасының Yкiметiн осы қаулының орындалу барысы туралы хабардар етiп отырсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.