Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 18 желтоқсан N 1861

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының P940298_ U973614_ кадр әлеуетін нығайту мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін талдамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі ретіндегі оның мәртебесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан

стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына 
1,75 көтеріңкі коэффициенті белгіленсін.
     2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан 
стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлерінің еңбегіне 1,75 көтеріңкі 
коэффициентін қолдана отырып, ақы төлеу шығыстарын қаржыландыру институтты 
ұстауға 2001 жылға және келесі жылдарға арналған республикалық бюджетте 
көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
     3. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     

Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.