1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 499 P990499_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы ережедегі:
11-тармақтың 14) тармақшасы алынып тасталсын;
2) "Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге даярлану мен оны өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 тамыздағы N 1328 P001328_ қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеу іс -шараларының ұлттық жоспарындағы: реттік нөмірі 28-жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Мамандар: Орынбекова Д.К. Қобдалиева Н.М.