Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге даярлану мен оны өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 тамыз N 1328

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 375 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 тамыздағы "Қазақстандық тауар-шикiзат биржасы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" N 1245 қаулысының күшi Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi шешiм қабылдағанға дейiн тоқтатыла тұрсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 375 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі