Үкіметі қаулы етеді: 1. Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Комиссия туралы ереже; 2) Комиссияның құрамы бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794 қаулысымен бекітілген Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) халықаралық гуманитарлық құқық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Президент пен Үкіметтің кесімдерін және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның негізгі міндеті халықаралық гуманитарлық құқық саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
4. Комиссияның функциялары:
Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық саласындағы халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес келтіруге жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасы заңнамасының оның халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларына сәйкестігі бөлігіндегі жағдайын зерделеу және бағалау;
халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында қолдану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
халықаралық гуманитарлық құқық саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, нормативтік құқықтық кесімдерінің жобалары бойынша консультативтік қорытындыларды қарау және әзірлеу;
халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында қолдануға бағытталған Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
халықаралық гуманитарлық құқық туралы білімдерді таратуға жәрдемдесу;
халықаралық гуманитарлық құқықты қолдану және одан әрі жетілдіру саласында зерттеулерді жүргізу, баяндамалар мен ұсыныстарды әзірлеу;
Халықаралық Қызыл Крест комитетімен, халықаралық гуманитарлық құқық саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекетті, ақпарат алмасуды ұйымдастыру болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссияның:
халықаралық гуманитарлық құқық саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық міндеттемелерін іске асырудың негізгі бағыттары туралы ұсыныстарды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге;
өз құзыреті шегінде халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларын қолдану мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына ұсынуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қолдану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдарының өкілдерін Комиссияның отырыстарына шақыруға және оларды тыңдауға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және ұйымдарынан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптама және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқығы бар. 4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру 6. Комиссияны Төраға басқарады. 7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, ұсынымдарды әзірлеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. 8. Комиссияның Төрағасы: Комиссияға басшылықты жүзеге асырады; Комиссия отырысының күн тәртібін белгілейді;
халықаралық гуманитарлық құқық саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Комиссияның атынан өкілдік етеді.
9. Комиссияның хатшысы:
Комиссияның отырыстарын дайындауды жүзеге асырады;
халықаралық гуманитарлық құқық саласындағы қызметті жүзеге асыратын
басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекетті ұйымдастырады; Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді. 10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. 11. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын Комиссия Төрағасы белгілейді. 12. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілген болса, қабылданған болып саналады, хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. 13. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда Төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. 14. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс. 15. Комиссияның шешімдері Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан көшірмелер түрінде жеткізіледі. 16. Комиссия мүдделі органдардың, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетінің, халықаралық гуманитарлық құқық саласында қызметті жүзеге асыратын басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-әрекет жасайды. 17. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794 қаулысымен бекітілген Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы Рогов - Қазақстан Республикасының Игорь Иванович Әділет министрі, төраға Әбусейітов - Қазақстан Республикасының Қайрат Қуатұлы Сыртқы істер вице-министрі, төрағаның орынбасары Калюжный - Қазақстан Республикасының Вячеслав Афанасьевич Әділет министрлігі Халықаралық құқық және протокол департаментінің директоры, хатшы Комиссия мүшелері: Самақова - Қазақстан Республикасының министрі Айткүл Байғазықызы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Айсағалиева - Қазақстан Республикасының София Серікбайқызы Экономика вице-министрі Ахметов - Қазақстан Республикасының Әшімжан Сүлейменұлы Білім және ғылым вице-министрі Байжасаров - Қазақстан Республикасының Болат Зейноллатұлы Ішкі істер вице-министрі Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Нұралы Сұлтанұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі Белоног - Қазақстан Республикасының Анатолий Александрович Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Дүтбаев - Қазақстан Республикасының Нартай Нұртайұлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Константинов - Қазақстан Республикасы Анатолий Васильевич Бас Прокурорының орынбасары (келісім бойынша) Мұсатаев - Қазақстан Республикасының Мұрат Қабдылжаппарұлы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Нұрмағамбетов - Қазақстан Республикасының Аманжол Мағзұмұлы Парламенті Сенатының Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша) Сиқымов - Қазақстан Республикасы Манас Қабардинұлы Қорғаныс министрінің орынбасары Юрченко - Қазақстан Республикасы Раиса Николаевна Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша) Балтабаев - Л.Гумилев атындағы Еуразия Қуаныш Жетпісұлы университетінің қылмыстық құқық және процесс кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша) Сәрсембаев - "Дәнекер" Халықаралық Марат Алдоңғарұлы құқық және халықаралық бизнес институтының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша) Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.