Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетел азаматтарын әкелудi реттеудiң жекелеген мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қараша N 1709

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетел азаматтарын әкелудi реттеудi және мемлекет мүдделерi мен экономиканы теңдестiрудi жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Республика аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден жұмыс берушiлер жалдайтын шетел азаматтарын тартуға 2000 жылға арналған квота (бұдан әрi - квота) экономикалық жағынан белсендi халық санының 0,15 % мөлшерiнде белгіленсiн.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп iшкi еңбек рыногын қорғау жөнiнде шаралар қабылдасын және бiлiктілiгi төмен шетелдiк жұмыс күшiнiң әкелiнуiне жол бермесiн;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп екi апталық мерзiмде квота санын облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша және кәсiптер (қызметтер) топтары бойынша бөлсiн.
      4. "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден жұмыс берушiлер жалдайтын шетел азаматтарын тартуға 2000 жылға арналған және кәсiптер (қызметтер) топтары бойынша квота белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 тамыздағы N 1219 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 417-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі