Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетел азаматтарын әкелудi реттеудiң жекелеген мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 қараша N 1709

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетел азаматтарын әкелудi реттеудi және мемлекет мүдделерi мен экономиканы теңдестiрудi жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Республика аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден жұмыс берушiлер жалдайтын шетел азаматтарын тартуға 2000 жылға арналған квота (бұдан әрi - квота) экономикалық жағынан белсендi халық санының 0,15 % мөлшерiнде белгіленсiн.
      2. "Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелерi жөнiндегi тәртiптердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862 P990862_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 280-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруының тәртiбiндегi:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) бұл адамдар шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшылары (бiрiншi басшылары) болып табылады".
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп iшкi еңбек рыногын қорғау жөнiнде шаралар қабылдасын және бiлiктілiгi төмен шетелдiк жұмыс күшiнiң әкелiнуiне жол бермесiн;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп екi апталық мерзiмде квота санын облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша және кәсiптер (қызметтер) топтары бойынша бөлсiн.
      4. "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден жұмыс берушiлер жалдайтын

шетел азаматтарын тартуға 2000 жылға арналған және кәсiптер (қызметтер) 
топтары бойынша квота белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2000 жылғы 8 тамыздағы N 1219  

P001219_

  қаулысының (Қазақстан 
Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 417-құжат) күшi жойылды деп 
танылсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.,
     Икебаева А.Ж.