Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 9 қараша N 1689

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегi Қазақстан Республикасы Z952368_ Заңының 68-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Уақытша тауарлар әкелуге (әкетуге) кеден режимiн қолданудың, кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 наурыздағы N 342 P960342_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 13, 100-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      Кеден бажы мен салығын төлеуден босатылған уақытша әкелiнетiн (әкетiлетiн) тауарлар мен көлiк құралдарының тiзбесiндегi:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Акцизделуге жататындарды қоспағанда, мемлекеттiк сыртқы заемдар қаражатынан қаржыландырылатын және Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына енгiзiлген инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде пайдаланылатын көлiк құралдары.";

     2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Осы тармақтың бiрiншi абзацында көзделген айырықшалықтар мемлекеттiк 
сыртқы заемдар қаражатынан қаржыландырылатын және Мемлекеттік  
инвестициялар бағдарламасына енгiзілген инвестициялық жобаларды iске асыру 
кезiнде пайдаланылатын кәсiби жабдыққа қолданылмайды.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.