Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 қазан N 1587

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" 2000 жылғы 28 шiлдедегі N 422 U000422_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мынадай мемлекеттік меншiк объектiлерi жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайды деп белгiленсiн:
      1) жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негiздер, шарттар және шектер бойынша жеке меншiкте болатындарынан басқа), оның қойнауы, су, өсiмдiк және хайуанаттар дүниесi;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
      3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажет штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер;
      4) олардағы инженерлiк құрылыстарды қоса алғанда, мемлекеттiк халықаралық бағыттар желiсiне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар, магистральды темiр жолдар, ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгін реттейтiн және кепiлдендiретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер;
      5) магистральдi мұнай және газ құбырлары, кернеуi 220, 500 және 1150 кВ аймақаралық деңгейдегi электр желiлерi;
      6) су техникасы құрылыстары бар су қоймалары, су тораптары, су көздерiндегi суды көтеретін бөгеттер;
      7) ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған көмек көрсететiн (қан құю, ана мен бала денсаулығын қорғау жөнiндегi, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарды және СПИД-пен ауыратын ауруларды, жұқпалы, терi-венерологиялық, психикалық ауруларды емдеу жөнiндегi объектiлер), сондай-ақ осы аумақтағы монополист болып табылатын медициналық ұйымдар;
      8) халықты әлеуметтік қорғау объектілері, балалар үйлері, сәбилер үйлері, қарттар үйлері. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, балалар мен қарттарға арналған интернаттар, госпитальдар мен санаторийлер;
      9) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру мемлекеттік ұйымдары;
      1-1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және оның "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны оның алдын ала сатыларымен жекешелендiруге жатпайды деп белгiленсiн. <*>
      10) мемлекеттiң қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектілерi.
      ЕСКЕРТУ. 1-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 402
               қаулысымен. P001402_
      2. Мыналар:
      1) 1-қосымшаға сәйкес 2003 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi;
      2) 2-қосымшаға сәйкес 2003 жылға дейiн акцияларының мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      3. "1999-2000 жылдарда жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк

объектілерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 
жылғы 19 тамыздағы N 1198  

P991198_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының 
ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 368-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

                                                  Қазақстан Республикасы   
                                                       Үкіметінің
                                                  2000 жылғы 24 қазандағы
                                                      N 1587 қаулысына
                                                         1-қосымша
     
     
                  2003 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде
                 жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын
                        мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң
                                    тiзбесi



      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң бағдарламалары бойынша және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң iргелi бағдарламалары бойынша жұмыс iстейтiн ғылыми-техникалық саланың мемлекеттiк ұйымдары.
      2. Мемлекеттiк және жұмылдыру резервiнiң жылжымайтын мүлкi мен екiұдай мақсаттағы өнiм шығару жөнiндегi жұмылдыру қуаттары.
      3. Әскери комиссариаттардың немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен азаматтық қорғаныс бойынша жұмылдыру тапсырмалары бар әскери бөлiмдер мен ұйымдарға тiркелiп берiлген мүлiк.
      4. Әскери-техникалық мақсатты қамтамасыз етуге байланысты, оның iшiнде көрсетiлген салада, сондай-ақ әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс, радиоэлектрондық өшiру салаларында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшыруды және алып жүрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк ұйымдар мен объектiлер.
      5. Әуе кемелерiнiң қауiпсiз ұшуын қамтамасыз етуге байланысты әуе қозғалысын, телекоммуникация желілерiн, инженерлiк желiлердi басқару жүйесiнiң аэронавигациялық қондырғылары.
      6. Бақылау, қадағалау және өзге де мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар.
      7. Картографиялық-геодезиялық, гидрометеорологиялық мемлекеттiк ұйымдар, обсерваториялар, метеостанциялар және сейсмостанциялар.
      8. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң аграрлық бейiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-эксперименталды мемлекеттiк ұйымдары, астық және тұқымдық сараптау фитосанитарлық мониторингтiң мемлекеттiк ұйымдары, сорттық сынау станциялары мен учаскелерi, карантиндiк питомниктер, карантиндi-интродуктивтi зертхана.
      9. Мемлекетаралық, облысаралық маңызы бар магистральдi каналдар.
      10. Жануарлар ауруларының диагностикасы бойынша референттiк

функцияларды, жабайы фаунаның эпизоотикалық мониторингiн, тiркеу сынақтары 
мен малдәрiгерлiк препараттар серияларын бақылауды, малдәрiгерлiк 
препараттардың республикалық резервiн сақтауды жүзеге асыратын, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың 
айрықша қауiптi жұқпалы ауруларының диагностикасын және олардың таралу 
ошақтарын жоюды жүргiзетiн мемлекеттiк малдәрiгерлiк ұйымдар.
     11. Мемлекеттiк патент жүргiзу ұйымдары.
     12. Қатты және сұйық радиоактивтi қалдықтарды ұқсататын, жоятын және 
көметiн мемлекеттiк ұйымдар, объектiлер мен жабдықтар, мал қорымдары.
     13. Молалар мен крематорийлер.
     14. Фельдъегерлiк байланыс мүлкi.
     15. Жануарлар әлемiн және балық қорын (бейiмдейтiн станциялар, балық 
питомниктерi, уылдырық өсiру шаруашылықтары) қалпына келтiруге маңызы бар 
мемлекеттiк ұйымдары.
     16. Жер қойнауы, жер асты сулары және қауiптi геологиялық процесстер 
мониторингi, мемлекеттiк торабының мүлкi мен қадағалау пункттерi.
     17. Жануарлар әлемiн сақтау, орманды қорғау және оларды қалпына 
келтiру жөнiндегi мемлекеттiк ұйымдар.
     18. Мектепке дейiнгi және орта кәсiптiк бiлiм беру мемлекеттiк 
ұйымдары.
     19. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм 
министрлiгi Мәдениет комитетiнiң қарамағындағы республикалық маңызы бар 
мәдениет объектiлерi, сондай-ақ, коммуналдық меншiктегi театрлар, 
мұражайлар, кiтапханалар және концерттiк ұйымдар.

                                                  Қазақстан Республикасы   
                                                       Үкіметінің
                                                  2000 жылғы 24 қазандағы
                                                      N 1587 қаулысына
                                                         2-қосымша

              2003 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi
     жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына
                       жатпайтын акционерлiк қоғамдардың
                                   тiзбесi
     
     1. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%
     2. "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
(Астана қаласы) 100%
     3. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ (Алматы қаласы) 
100% 
<*>

     4. "КЕGОС" ААҚ - (Kazakstani Electricity Grid Operating Company - 
Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстан ұлттық компаниясы) (Алматы 
қаласы) 100%
     5. "Қазтеңiзкөлiкфлот" ұлттық кеме жүзу теңiз компаниясы" ЖАҚ (Астана
қаласы) 100%
     6. 
<*>

     7. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%
     8. "Эксимбанк Қазақстан" ЖАҚ (Алматы қаласы) 100%
     9. "Машина жасау зауыты" ААҚ (Алматы қаласы) 90%
     10. "ЗИКСТО" ААҚ (Петропавл қаласы) 90%
     11. "Ғылым-Шығыс" ААҚ (Көкшетау қаласы) 90%
     12. "Омега" ААҚ (N 58А корпусын қоспағанда) (Орал қаласы) 90%
     13. "Гидроприбор" ҒЗИ ААҚ (Орал қаласы) 90%
     14. "Зенит" ААҚ (N 16 корпусын, өнеркәсiп базасын қоспағанда) (Орал 
қаласы) 90%
     15. "Металлист" ААҚ (Орал қаласы) 90%
     16. "Шельф" ААҚ (Атырау қаласы) 90%
     17. "Қазақстан Республикасының радиоэлектроника және байланыс 
жөнiндегi ұлттық орталығы" ААҚ (Алматы қаласы) 100%
     18. "Тыныс" ААҚ (Көкшетау қаласы) 90%
     19. "Шардара СЭС" ААҚ (Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шардара қаласы) 100%
     20. "Бұқтарма СЭС" ААҚ (Өскемен қаласы) 90%
     21. "Шульба СЭС" ААҚ (Өскемен қаласы) 90%
     22. "Өскемен СЭС" ААҚ (Өскемен қаласы) 90%
     23. "Республикалық инновация қоры" ЖАҚ (Алматы қаласы) 100%
     24. "Биомедпрепарат" ААҚ (Ақмола облысы, Степногор қаласы) 85%
     25. "ҚазжолҒЗИ" ААҚ (Алматы қаласы) 90% 
<*>

     26. "Қазқараметавтоматика" ААҚ (Қарағанды қаласы) 90% 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 591  

P010591_

 
2001.05.25. N 716  

P010716_

  , 2001.10.05. N 1284  

Р011284_

  қаулыларымен.
  
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.