Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 мамыр N 716

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Z980281_ Заңына сәйкес және "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) органдарын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қайрат Серікұлы Қырымовтың Қоғам Басқармасының төрағасы (Бас директоры) болып сайлануын;
      2) Қоғамның Директорлар кеңесінің қосымшаға сәйкес құрамда сайлануын;
      3) осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      2. Мыналардың:
      "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 417 P000417_ қаулысының;
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 417

 

қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001

жылғы 18 сәуірдегі N 506 


P010506_


  қаулысының күші жойылды деп танылсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                    2001 жылғы 25 мамырдағы

                                       N 714 қаулысына

                                           қосымша


     "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық

          акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы


     Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлік және

коммуникациялар вице-министрі, төраға;

     Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы"

ЖАҚ Басқармасының төрағасы (Бас директоры);

     Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика

және сауда вице-министрі;

     Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының

орынбасары;

     Қырымов Қайрат Серікұлы - "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме

қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (Бас

директоры).



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.