Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 қазан N 1577

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломын тағайындау туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегі N 423 U000423_ Жарлығын орындау үшiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломын беру жөнiндегi комиссиясы құрылсын.
      2. Қоса берiлiп отырған Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелердi қарау жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.
      3. Құрмет дипломдары мен олардың омырауға тағатын белгiлерiн жасаумен байланысты шығыстарды қаржыландыру ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Әдебиеттің әлеуметтiк-маңызды түрлерi бойынша баспа бағдарламаларын қалыптастыру" бағдарламасы бойынша 2000 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен және шегiнде анықталсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 2001 жылдан бастап жыл

сайын, республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде Құрмет дипломдары мен 
олардың омырауға тағатын белгiлерiн жасауға Қазақстан Республикасының 
Президентi Iс Басқармасының "Мемлекеттiк наградалар, оларға құжаттарды, 
құрмет дипломдары мен омырауға тағатын белгiлер, жасау бағдарламасы 
бойынша қаражат көздесiн.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                            2000 жылғы 21 қазандағы
                                                N 1577 қаулысына
                                                     қосымша
     
       Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және
    демеушілiк қызметі үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң
          Құрмет дипломын беру жөнiндегі комиссиясының
                           Құрамы
     
     Кекiлбаев                   - Қазақстан Республикасының
     Әбіш Кекілбайұлы              Мемлекеттiк хатшысы, төраға
                                   (келiсiм бойынша)
     
     Сәрсенбаев                  - Қазақстан Республикасының
     Алтынбек Сәрсенбайұлы         Мәдениет, ақпарат және
                                   қоғамдық келiсiм министрi,
                                   төрағаның орынбасары
     
     Асқаров                     - Қазақстан Республикасының
     Әлібек Асылбайұлы             Мәдениет, ақпарат және
                                   қоғамдық келiсiм министрлiгi
                                   Мемлекеттік баспа бағдарламаларын
                                   қалыптастыру жөнiндегi департаментiнiң
                                   директоры, хатшы
     
     Көшербаев                   - Қазақстан Республикасының
     Қырымбек Елеуұлы              Білім және ғылым министрi
          
     Тұрлыханов                  - Қазақстан Республикасы Туризм
     Дәулет Болатұлы               және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң
                                   төрағасы
     
     Бердiғалиева                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Роза Аманғалиқызы             кiтапханасының Бас директоры,
                                   Қазақстан Республикасының
                                   Кiтапхана ассоциациясының
                                   президентi
     
     Атрушкевич                  - Қазақстан халықтары
     Павел Александрович           ассамблеясы төрағасының
                                   орынбасары, Қазақстан
                                   Республикасы Парламентi
                                   Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)
     
     Құл-Мұхаммед                - Қазақстан Республикасы
     Мұхтар Абрарұлы               Парламентi Сенатының депутаты
                                   (келiсiм бойынша)
     
     Әбдiков                     - Қазақстан Республикасы
     Төлен                         Президенті Әкімшілігінің
                                   Қоғамдық-саяси бөлімі
                                   меңгерушiсiнiң орынбасары  
                                   (келiсiм бойынша)
     
     Қасейiнов                   - Қазақстан Республикасы
     Дүйсен Қорабайұлы             Мәдениет, ақпарат және
                                   қоғамдық келiсiм министрлiгi
                                   Мәдениет комитетiнiң төрағасы
     
     Оразғалиев                  - "Абай атындағы Қазақ
     Қуаныш Ғабидоллаұлы           академиялық опера және балет
                                   театры" РМҚК директоры
                                   (келiсiм бойынша)
     
     Мергенов                    - Қазақстан Суретшiлер одағы
     Еркін Тілекұлы                басқармасының төрағасы
                                   (келiсiм бойынша)
     
     Серкебаев                   - Музыка қайраткерлерi одағы
     Ермек Бекмұхамедұлы           басқармасының төрағасы
                                   (келiсiм бойынша)
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                             2000 жылғы 21 қазандағы
                                              N 1577 қаулысымен
                                                 бекiтілген
     
      Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және
    демеушiлiк қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентiнiң
    Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелердi қарау
                          жөнiндегі ереже
     


      1. Осы Ереже мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломымен (бұдан әрi - Диплом) марапаттауға байланысты мәселелердi қарау тәртiбiн айқындайды.
      2. Дипломды алуға iзденушiлер болып өзiнің белсендi қайырымдылық және демеушiлік қызметтерiмен мәдени және гуманитарлық салалардағы жобаларды iске асыруға елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
      3. Ізденушiлердiң кандидатураларын орталық атқарушы органдар, облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi және қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.
      4. Дипломды Қазақстан Республикасы Президентiнiң мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметi үшiн Құрмет дипломын беру жөнiндегі комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қорытындысы негізiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      5. Комиссияның құрамы мемлекеттiк органдар мен мүдделi ұйымдардың өкiлдерiнен құралады және Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiледi.
      6. Комиссияның жұмыс органының функциясын Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi орындайды.
      7. Дипломның тағайындалуына ұсынылған жобаларды Комиссия екi кезеңмен қарастырады. Бiрiншi кезеңде Дипломды алу конкурсына ұсынылған жобалар таңдалып алынады, екiншiден Комиссияның жалпы жиналысымен Дипломды беру туралы шешiм қабылданады.
      8. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына бiр реттен кем емес өткiзiледi және егер, оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса құқылы деп саналады. Комиссия отырысын өткiзудiң бастамашысы Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi болып табылады.
      9. Жобаларды алдын-ала iрiктеу және Дипломды беру туралы Комиссияның шешiмi Комиссия отырысына қатысып отырған мүшелерiнің көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      10. Комиссия отырыстарының нәтижелерi бойынша Комиссияның Дипломды

беру туралы қорытындысы (бұдан әрi - Қорытынды) ресiмделедi және Қазақстан 
Республикасының Yкiметiне ұсынылады.
     11. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қорытынды негiзiнде Қазақстан 
Республикасы Президентiнiң Дипломды беру туралы актiсiнiң тиiстi жобасын 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзедi.
     12. Дипломды Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның 
уәкiлеттi лауазымды тұлғалары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария 
етiлуiмен салтанатты жағдайда тапсырады.


Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.