Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 988 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қыркүйек N 1431

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Ақмоласельмаш" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн Астана қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 988 P990988_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      2-тармақта:
      1) тармақшаның екiншi абзацы алынып тасталсын;
      2) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Астана қаласының әкiмi "Медетшi қор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен, "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамымен, Қоғаммен:
      1) Қоғамның "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамына соңғысымен атаулары мен бағаларын келiсiп, Қоғамға ауыл шаруашылығы техникасын "Медетшi қор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны берген несиенi берiлетiн техниканың сомасына өтеу есебiне берудi;
      2) Қоғамның "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамына берiлетiн техниканың сомасына несие бойынша борышын жылдық 3 (үш) пайыз сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша 5 (бес) жылдың iшiнде қайтару шартымен аударуды;
      3) "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамы техниканы шаруашылық

 

жүргiзушi субъектiлерге лизинг шартымен берудiң немесе оны сатудың

нәтижесiнде түсетiн төлемдердiң есебiнен осы қаулының 2-тармағында

көрсетiлген несие бойынша берешектi өтеудi көздейтiн келiсiмдi заңнамада

белгiленген тәртiппен жасасуды қамтамасыз етсiн."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.Н.