"Ақмоласельмаш" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 шілде N 988

      Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласында нарықтық инфрақұрылымдарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен "Ақмоласельмаш" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының мемлекеттік пакетін Астана қаласының коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) екі ай мерзім ішінде "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Медетші банкіне меншікті айналым қаражатын толықтыруға "Ақмоласельмаш" акционерлік қоғамы үшін несие бөлу туралы" 1997 жылғы 16 қазандағы N 47 несиелік келісімге белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізілсін, онда мынадай шарттар көзделсін:
 
            несиені пайдаланғаны үшін сыйақыны (мүддені), мерзімі өткен сыйақыны (мүддені) және айыппұл санкцияларын бірінші жылдан бастап өтеу белгіленсін;
      2)
      3)
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 1),2)-тармақшалары жаңа редакцияда,
               3)- тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.05.04.
               N 665 қаулысымен. P000665_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың тармақшалар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
               2000.09.22. N 1431 қаулысымен. P001431_
      2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Астана қаласының әкiмi "Медетшi қор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен, "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамымен, Қоғаммен:
      1) Қоғамның "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамына соңғысымен атаулары мен бағаларын келiсiп, Қоғамға ауыл шаруашылығы техникасын "Медетшi қор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны берген несиенi берiлетiн техниканың сомасына өтеу есебiне берудi;
      2) Қоғамның "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамына берiлетiн техниканың сомасына несие бойынша борышын жылдық 3 (үш) пайыз сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша 5 (бес) жылдың iшiнде қайтару шартымен аударуды;
      3) "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамы техниканы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге лизинг шартымен берудiң немесе оны сатудың нәтижесiнде түсетiн төлемдердiң есебiнен осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген несие бойынша берешектi өтеудi көздейтiн келiсiмдi заңнамада белгiленген тәртiппен жасасуды қамтамасыз етсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.09.22.
               N 1431 қаулысымен. P001431_
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Төлем жасауға қабілетсіз кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетші банкіне беру туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 P950656_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-құжат):
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Ақмоласельхозмаш" АҚ, Ақмола облысы" деген жол алынып тасталсын.
      2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері туралы және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы "Астана", деген бөлім мынадай

 

мазмұндағы реттік нөмірі 107-4-жолмен толтырылсын:

     "107-4 АКМ-002445 "Ақмоласельмаш" ААҚ";

     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада "Астана" деген бөлімдегі реттік

нөмірі 18-жол алынып тасталсын;

     4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12

мамырдағы N 656 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі N 1144 


P971144_


  қаулысының

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 306-құжат) күші жойылды

деп танылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


     Оқығандар:

         Омарбекова А.Т.

         Қасымбеков Б.А.