2000 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 5 қыркүйек N 1341.

Қолданыстағы
      Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және астық өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1303 P991303_ және 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 Р980998_ қаулыларына сәйкес сатып алынған астықты сатудан қайтарып алынған қаражат есебiнен 2000 жылғы егiннiң астығынан 42 000 000 (қырық екi миллион) АҚШ доллары сомасына 200 000 (екі жүз мың) тоннаға дейiнгi көлемде үшiншi сыныптан төмен емес жұмсақ сортты азық-түлiк бидайын франкоэлеватор шартымен бiрiншi кезекте салық патентi негiзiнде салық төлеудi жүзеге асыратын тұлғалардан, қосылған құн салығын қоса және олар өзi өндiрген астықты сатуы кезiнде бірыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын тұлғалардан, қосымша құн салығын қоспағанда, есептемеге алынған 1 тонна салмақ үшiн 100 (жүз) АҚШ долларына баламалы баға бойынша мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлсiн. <*>
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы 2001 жылғы көктемгі - жазғы кезеңде ішкі рынокта сату үшін мемлекеттік экспорттық ресурстардан 150 000 (жүз елу мың) тонна астықты сақтап қойсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.09.13. N 1385
               қаулысымен. P001385_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.31. N 1640
               қаулысымен. P001640_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841
               қаулысымен. P001841_
      2. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу, оны сақтау және сату тәртібі туралы ереже бекітілсін.
      3. Жергілікті жерлерде 2000 жылғы егіннің астығын сатып алудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету жауапкершілігі облыстардың әкімдеріне жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                                  Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі N 1341 қаулысымен бекітілген


            2000 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу,

                 оны сақтау және сату тәртібі туралы 
                             Ереже
     
     Осы Ереже 2000 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу, оны 
сақтау және сату тәртібін белгілейді.
     
                1. Астықты мемлекеттік сатып алудың шарттары
     
     1. Азық-түліктік бидайды мемлекеттік сатып алу "Азық-түлік 
келісім-шарт корпорациясы" (бұдан әрі - Корпорация) жабық акционерлік 
қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
     2. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841    
              қаулысымен.  

P001841_

 
     3. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841    
              қаулысымен.  

P001841_

 
     4. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841    
              қаулысымен.  

P001841_

 


      5. 9353-90 Мемстандартқа сай келетін үшінші сыныпты жұмсақ бидайдың есепке алынған салмағының 1 тоннасы үшін, салық патенті негізінде салық төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін - ҚҚС-ны қоса алғанда және бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын тұлғалар үшін, олар өздері өндірген астықты сату кезінде - ҚҚС-ны есептемегенде, франко-элеватор шартымен

сатып алу бағасы 100 АҚШ долларына баламалы. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.13. N 1385          
              қаулысымен.  

P001385_

 
     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.31. N 1640          
              қаулысымен.  

P001640_

 
     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841  
              қаулысымен.  

P001841_

 
     6. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.13. N 1385          
              қаулысымен.  

P001385_

 
     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.31. N 1640          
              қаулысымен.  

P001640_

 
     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841    
              қаулысымен.  

P001841_

 


      7. Сатып алу конкурстық негiзде Корпорация iрiктеген және Қазақстан

Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) 
бекiткен тiзiмге енгiзiлген желiлiк элеваторларда жүзеге асырылады.
     Сатып алуға қатысуға рұқсат беру үшiн элеваторларды iрiктеудiң 
негiзгi өлшемдерi:
     1998-1999 жылдардағы егiннiң астығын сатып алу бағдарламасының 
мiндеттемелерiн орындау және алыс-берiс астығын сақтау жөнiнде 
кiнәраттардың болмауы;
     1995-тен 2000 жылдың 1 жартыжылдығына дейiнгi кезеңде Корпорациямен 
өзара есеп айырысудың салыстырма актiлерінің болуы;
     сақтау қызметi үшiн мейлiнше төмен тарифтердiң болуы;
     элеваторлардың сыйымдылығының ең төменгі көлемi 80 мың тоннадан аз 
болмауы;
     сатып алынатын астықты бөлек сақтауды қамтамасыз ету мүмкiндiгi;
     элеваторларда астықты және оның қайта өңделген өнiмдерiн қабылдау, 
сақтау, ұқсату жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияның 
болуы тиiс.
            2. Астықты сатып алуды жүргiзу және оны қаржыландыру
                                   тәртібi


      8. Корпорация Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы қаулысы жарияланғаннан кейiн, бiр апталық мерзiмде "Казахстанская правда" және "Егемен Қазақстан" республикалық газеттерiнде астықты сатып алуға және сақтауға қатысуға рұқсат берiлген элеваторлардың тiзiмiн жариялайды.
      9. Өз астығын сатуға мүдделi тұлғалар жұмыс топтарына:
      1) жұмыс тобы атына жазбаша өтiнiмдi;
      2) элеватор берген кiрiстiк квитанцияның (ПК-13) және астықтың талдау карточкасының көшiрмесiн;
      3) кәсiпкерлiк қызметпен (шаруа қожалықтары (фермерлiк) айналысу құқығына патенттiң немесе куәлiктiң көшiрмесiн ұсынады.
      Жұмыс топтары облыстар әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылады және құрамына облыс әкiмдерiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерiн қадағалайтын орынбасарлары, облыстар әкiмшiлiктерi ауыл шаруашылығы департаменттерiнің (басқармаларының), жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитеттердiң, статистика және салық органдарының, Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық басқармаларының өкiлдерi, сондай-ақ Корпорацияның облыстық өкiлдiктерiнiң басшылары енуге тиiстi.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841
               қаулысымен. P001841_
      10. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N
               1841 қаулысымен. P001841_
      11. Жұмыс топтары сатушылармен астықты сатып алу-сату шартын жасау үшiн, Корпорацияның облыстық өкiлдiктерiне ұсынылатын сатушылардың тiзiмдерi мен тiзiлiмдерiн жасайды.
      Астық сатып алу тiзiмiнiң, тiзiлiмiнiң және үлгiлiк шартының нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.
      12. Астықты сатып алу-сату шарттары бойынша төлем жүргiзу үшiн сатушылар Корпорацияның облыстық өкiлдiктерiне мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ПК-10 түпнұсқасы;
      2) талдау карточкасының түпнұсқасы;
      3) шот-фактура мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк салық инспекциясының 1995 жылғы 26 маусымдағы N 37 Нұсқаулығына сәйкес белгіленген нысандағы салықтық шот-фактура (оңайлатылған салық салу режимiнде жұмыс iстейтiн тұлғалардың салықтық шот-фактурасына басшының қолы қойылуы тиiс және ол аудандық салық органының мөрiмен расталуы тиiс).

     Сатушылардың тапсырған құжаттарының дұрыс толтырылғандығы үшiн 
жауапкершiлiк сатып алу-сату шартында келiсiледi.
     Корпорацияның облыстық өкілдіктері апта сайын, дүйсенбіде, жасалған 
шарттармен бірге жоғарыда көрсетілген құжаттарды төлем жасау үшін 
Корпорацияның орталық офисіне жеткізеді. Корпорация сол аптаның жұмасынан 
кешіктірмей өз есеп-шотына ақша түсу сәтінен бастап 2 банктік күн ішінде, 
ол ақшаны сатушыларға аударады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841         
              қаулысымен.  

P001841_

 
     13. Төлем Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төлем жасалған күнгi 
бағамымен теңгемен жасалады.
                       3. Сатып алынған астықты сақтау
     14. Сатып алынған астықты сақтау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1506  

P991506_

  қаулысына сәйкес жүзеге 
асырылады.
     Сатып алынған астықты сақтаудың басталу күнi үлгiлiк нысаны 
Ауылшарминi бекiтетiн шартта көрсетiледi.
             4. Сатып алынған астықты сату және қаржы ресурстарын
                                    қайтару
     15. Сатып алынған астықты сатуды Корпорация Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
     16. Сатып алынған астықты сатудың шарттары мен мерзiмдерi сыртқы 
рынок конъюнктурасы негiзiнде анықталады. Сатылатын астықтың ең төменгi 
бағасы Ауылшарминiмен келiсiледi және сатып алу бағасынан төмен болмауы 
тиiс.
     17. Сатып алынған астықты сатудан түскен қаражат алынғаннан кейiн, 3 
банктiк күн iшiнде "Корпорацияның" арнайы шотына аударылады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841         
              қаулысымен.  

P001841_

 
                5. Сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі
     18. Астықты сатып алуға қатысушылардың жауапкершiлiгi Қазақстан 
Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес анықталады.
     
     
      Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.