Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі N 1341 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 13 қыркүйек N 1385

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "2000 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi N 1341 P001341_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 1-шi тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1303 және 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулыларына сәйкес сатып алынған астықты сатудан қайтарып алынған қаражат есебiнен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен 2000 жылғы егiннiң астығынан 42 000 000 (қырық екi миллион) АҚШ доллары сомасына 570 000 (бес жүз жетпiс мың) тоннаға дейiнгi көлемде үшiншi сыныптан төмен емес жұмсақ сортты азық-түлiк бидайын франко- элеватор шартымен бiрiншi кезекте салық патентi негiзiнде салық төлеудi жүзеге асыратын тұлғалардан, қосылған құн салығын қоса және олар өзi өндiрген астықты сатуы кезiнде бірыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын тұлғалардан, қосымша құн салығын қоспағанда, есептемеге алынған 1 тонна салмақ үшiн 70 (жетпiс) және 75 (жетпiс бес) АҚШ долларына баламалы баға бойынша мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлсiн.";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2000 жылғы егiннiң астығын

мемлекеттiк сатып алу, оны сақтау және сату тәртiбi туралы ережеде:
     5 және 6-тармақтардағы "ҚҚС-ны қоса алғанда" деген сөздер "ҚҚС-ны 
қоса алғанда, салық патентi негiзiнде салық төлеушiлер болып табылатын 
тұлғалар үшiн және ҚҚС-ны қоспағанда - бiрыңғай жер салығын төлеушiлер 
болып табылатын тұлғалар үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады. 
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.