"Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 тамыз N 1326

Қолданыстағы
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Z990389_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі - Академия) ерекше мәртебесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) 2000 жылғы қазанға дейін Академияға оның ғимараты жанындағы қажетті жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Академияға Алматы қаласында бір әкімшілік ғимарат бөлу мүмкіндігін қарастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының, Алматы облысының әкімдері 2001 жылғы наурызға дейін Академияны спорт кешенімен, әскери оқу техникасын орналастыруға арналған аумақпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырсын.
      4. Астана қаласы әкімінің Академияның Астана қаласындағы филиалының материалдық-техникалық базасын дамытуға, соның ішінде:
      Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы үшін тұрғын үй салуға ипотекалық несие беру бағдарламасы бойынша 40 пәтер бөлінуін және жеке тұрғын үйлер салуға жер учаскелерінің бөлінуін көздейтін көмек көрсету туралы ұсынысы қабыл алынсын.
      5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада

белгіленген тәртіппен "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық 
университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының студенттік 
жатақханасын Академияға беру туралы мәселені қарасын.
     6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыны 
іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                             Үкіметінің
                                             2000 жылғы 31 тамыздағы
                                             N 1326 қаулысымен
                                             бекітілген
     
           "Қазақ мемлекеттік заң академиясы"
           республикалық мемлекеттік қазыналық
           кәсіпорнының ерекше мәртебесі туралы
                           ереже
     


      1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Ереже Қазақ мемлекеттік заң академиясының (бұдан әрі - Академия) ерекше мәртебесін және оның әлеуетін Қазақстан Республикасының мүддесінде пайдаланудың жолдарын белгілейді.
      2. Академияның ерекше мәртебесі оның құқықтық реформаны іске асыру ісіндегі ерекше ролін және республиканың заңгер кадрларға сұранысын қанағаттандыруды, заң білімін дамытуды және оның сапасын көтерудің алғышарты.
      Академияның заңгер кадрларын даярлау жүйесіндегі маңызды орны Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақ мемлекеттік заң институтын құру туралы" (2000 жылдың ақпанынан бастап - Академия) 1994 жылғы 14 наурыздағы Жарлығымен айқындалған.
      3. Академия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Академияның осы Ережесі мен Жарғысын басшылыққа алады.
      4. Академия қызметінің негізгі мақсаты жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру, сондай-ақ Академияның қалыптасқан жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуетін мақсатты әрі толық пайдаланудың негізінде әлемдік ғылымның жетістіктері мен тенденцияларына сәйкес құқықтық ғылымдер саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді үйлестіру болып табылады.
      5. Академияның осы мақсатына сәйкес ерекше мәртебесі бар оқу орны ретінде:
      1) республиканың жоғары заң білімі бар білікті мамандарға әлеуметтік-экономикалық сұранысын қанағаттандыру;
      2) құқықтық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу және олардың нәтижелерін практикаға енгізу;
      3) заң жобалары мен басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерді, заңгерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;
      4) құқықтық проблемалар бойынша халықаралық ынтамақтастықты жүзеге асыру оның міндеттері болып табылады.
      6. Мақсаты мен қызметінің нысанына сәйкес Академия:
      1) елдің кадрлық сұраныстарына сәйкес білікті заңгерлер даярлау;
      2) оқыту-әдістемелік және ғылыми жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
      3) құқық мәселелері бойынша ғылыми талдамаларды үйлестіру, сондай-ақ заң жобалары жұмыстары, нормативтік-құқықтық кесімдердің, заңгерлік құжаттардың жобалары жөнінде ғылыми-құқықтық сараптама жүргізуге қатысу;
      4) құқықтық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу және үйлестіру;
      5) құқықтық реформа, атқарушы өкіметті ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, Қазақстандағы құқық қорғау қызметін жетілдіру және құқықты дамыту проблемаларын зерттеу;
      6) жоғары, орта оқу орындарындағы құқықтық пәндер оқытушыларын даярлауға және олардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруге, заңгер кадрлардың біліктілігін арттыруға қатысу;
      7) ғылыми дәрежеге талапкерлерді және магистратурада, аспирантурада, докторантурада Академияға тіркеу жолымен жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;
      8) заң білімін ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық проблемаларды шешу, заңгерлердің кәсіптік даярлығын ұйымдастыру жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу және пайдалану мақсатында республиканың, өзге мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың заң оқу орындарымен және ғылыми мекемелерімен ынтымақтастық функцияларын жүзеге асырады.
      7. Аталған міндеттерді жүзеге асыру кезінде Академия:
      1) ғылыми-педагогикалық әлеуетті және оқу-материалдық базасын тиімді пайдаланудың негізінде әлемдік стандарттарға сәйкес тұрақты жоғары білім деңгейін кепілдендіруге;
      2) Академия студенттерінің, оқытушылары мен қызметкерлерінің білім алу, адамгершілік және интеллектуалдық дамуы үшін жағдайлармен барынша қамтамасыз етуге;
      3) белсенді ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге;
      4) білім беруді қоса алғанда, ақылы көрсетілетін қызметтерден алынатын қаражаттар мен кірістердің тиімді пайдалануын жүзеге асыруға міндетті.
      8. Академия міндеттерді табысты іске асыру үшін:
      1) Академияның құрылымы мен штатын дербес белгілеуге;
      2) профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлерге еңбекақы төлеудің шарттары мен мөлшерін белгілеуге қатысуға;
      3) заңды тұлға құқығындағы мемлекеттік емес құрылымдарды қоса алғанда, Академияның білім беру-ғылыми кешенінің құрамында, оның ішінде және шет елдерде заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарын, филиалдар мен бөлімшелерді құруға;
      4) жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша заңгерлерді даярлаудың жаңа бағыттарын айқындауға, оларды оқытудың мерзімдері мен нысандарын белгілеуге қатысуға, жоғары кәсіптік білім беру саласындағы қолданылып жүрген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекітуге;
      5) Академия қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша шетелдік ұйымдармен тікелей шарттар мен келісім-шарттар жасауға, ғалымдар мен мамандардың уақытша ұжымдарын құруға, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне қатысуға;
      6) Академияның оқытушыларына доцент пен профессор ғылыми атақтарын беру кезінде қорытынды сараптама жүргізуге құқылы.
      9. Академия берілген ерекше мәртебеге сәйкес қолында бар барлық негізгі қорларды, айналымдағы қаражаттарды және өз қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті белгіленген тәртіппен иеленеді, пайдаланады және билік етеді.
      10. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мамандарды даярлау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қаржыландырудың басқа қосымша көздері ғылыми-өндірістік, білім беру және заңнамада тыйым салынбаған, одан түскен кірістерге Академия дербес иелік ететін өзге де қызмет болып табылады.
      11. "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылтайшысы, сондай-ақ жоғары кәсіптік, жоғары кәсіптік білімнен кейінгі және ғылыми зерттеулер саласында Академия орындайтын бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
      Академияның Жарғысын білім беру саласындағы орталық атқару орган бекітеді.
      12. Академия өзінің негізгі қызметінде барлық мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, басқа да республикалық мекемелермен және ұйымдармен, шетелдік халықаралық білім беру және ғылыми орталықтарымен тікелей байланыс орнатады.
      13. Академияның қызметін қоғам мүддесімен сәйкестендіру, қаржылық қолдау көрсетуде қамтамасыз ету, оның материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ интеллектуалдық әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану үшін Қамқоршылар кеңесі құрылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін

Қамқоршылар кеңесінің құрамына ғылым, білім мен мәдениет өкілдері, 
шығармашылық және өзге де ұйымдар, әртүрлі меншік нысанындағы 
кәсіпорындар, қорлар, қауымдастықтар, акционерлік қоғамдар және ерекше 
мәртебелі жоғарғы оқу орны болып табылатын, Академияның проблемаларын 
шешуге салмақты үлес қосуға қабілетті басқалары да кіре алады.
     
     
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.