Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 17 тамыз N 1269

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 140-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 2-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 3-күнiнен кешiктiрмей:
      Қазақстан Yкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы меморандумды iске асыру жөнiндегi iс-шараларды;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылдың 10 қарашасында Yкiметтiң жаңадан тағайындалған мүшелерiнiң ант беру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындау жөнiндегi iс-шараларды жеке бөлiп көрсете отырып, Жоспардағы iс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты;
      2) тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей:
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асырудың;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылдың 10 қарашасында Үкiметтiң жаңадан тағайындалған мүшелерiнiң ант беру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындаудың барысы туралы талдау анықтамасын";
      2) 3-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей:
      Қазақстан Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы меморандумды iске асыру жөнiндегi iс-шараларды;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылдың 10 қарашасында Үкiметтің жаңадан тағайындалған мүшелерiнің ант беру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындау жөнiндегi iс-шараларды жеке бөлiп көрсете отырып, Жоспардағы iс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты;
      2) тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiнен

кешiктiрмей:
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған 
iс-қимыл бағдарламасын iске асырудың;
     Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылдың 10 қарашасында 
Үкiметтiң жаңадан тағайындалған мүшелерiнiң ант беру рәсiмiнде сөйлеген 
сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындаудың барысы туралы жиынтық талдау 
баяндамасын";
     3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 
iс-шаралардың жоспарында:
     3-басымдық. Экономикалық өсу тарауында:
     3.3-бөлiм. Салық және бюджет саясаты:
     мынадай мазмұндағы, реттiк нөмiрi 3.3.1.1.-1.**-жолмен толықтырылсын:
     "3.3.1.1.-1.** Салық    Қазақстан     МКМ, ҚарМ,      2000 ж.
                    кодексiн Республикасы  ЭкМ,            тамыз
                    әзiрлеу  Салық         министрлiктер
                             кодексi.      мен ведомстволар
                             нің жобасы
     мынадай мазмұндағы, реттiк нөмiрi 3.3.1.43.-1.**-жолмен толықтырылсын:
     "3.3.1.43. -1.** Техникалық    Қазақстан    Техникалық    Тоқсан
                      комитеттiң    Республикасы комитет       сайын
                      Меморандумның Yкiметiне    (ЭкМ, ҚарМ,   
                      орындалуы     ақпарат      МКМ, ЭИСМ,    
                      мониторингiн               бойынша)                  
                      жүзеге асыруы              Ұлттық Банк
                                                 ЕХҚМ, СЖЛ                 
                                                 (келiсiм        
                                                  бойынша)";
     5-басымдық. Инфрақұрылым, көлiк және байланыс тарауында:
     5. 1-бөлiм. Жұмыс iстеп тұрған көлiктiк-коммуникациялық желiлердi 
жаңғырту және дамыту:
     мынадай мазмұндағы, реттiк нөмiрi 5.1.1.-1.**-жолмен толықтырылсын:
     "5.1.1.-1.** "Қазақстан темiр   Қазақстан    ККМ, МБА,    2000 ж.
                  жолы" РМК-ын       Республикасы "Қазақстан   шiлде
                  монополиясыз-      Үкiметi      темiр жолы"
                  дандыру            қаулысының   РМК
                  бағдарламасын      жобасы
                  әзiрлеу                                               ";
     мәтiннiң соңындағы сiлтемелер мынадай редакцияда жазылсын:


      "* Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылдың 10 қарашасында Үкiметтiң жаңадан тағайындалған мүшелерiнiң ант беру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындау жөнiндегi iс-шаралар.
      ** Қазақстан Yкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң 2002 жылғы 31

желтоқсанға дейiнгi кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы 
меморандумды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар".
     2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр 
шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары
     
                                Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
                                 2000 жылғы 17 тамыздағы N 1269
                                      қаулысына қосымша
     
        Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
                  кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
     


      1. "Қазақстан Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы меморандумды iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қаңтардағы N 77 P000077_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 30-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылдың 10 қарашасында Үкiметтiң жаңадан тағайындалған мүшелерiнiң ант беру рәсiмiнде сөйлеген сөзiнен туындайтын тапсырмаларын орындау жөнiндегi iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 ақпандағы N 303 P000303_ қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер

енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 сәуiрдегi 
N 591  

P000591_

  қаулысының 3) тармақшасы.
     4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер 
мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 
26 маусымдағы N 944  

P000944_

  қаулысының 2) тармақшасы.
     5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 шiлдедегi N 1103 
 

P001103_

   қаулысымен бекiтілген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр 
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырудың 1 және 2-тармақтары.
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.